
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді және сақтандыру ұйымдарын тарату және шетелдік сақтандыру ұйымдары филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімдерін айқындайды, сондай-ақ уақытша әкімшіліктер мен тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды белгілейді.
Жобаның толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14143486 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан және Агенттіктің ресми интернет-ресурсының «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz