«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптардың жобасы әзірленді

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптардың жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы (бұдан әрі – Қор) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

Жобада Қордың қаржылық жағдайына және кепілдік беру резервтері қаражатының сақталуына әсер ететін әлеуетті тәуекелдерді басқару процесінің рәсімдері айқындалады.

Тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың толыққанды жүйесін құру Қор қызметінің тұрақты дамуын және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері қаражатының, зиянды өтеу резервінің нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14142604 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан  және Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz