Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың акционерлеріне қойылатын талаптарды күшейту туралы

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың акционерлеріне қойылатын талаптарды күшейту туралы

Агенттік Басқармасы «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидаларын, Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу бойынша біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 168 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулының мақсаты акционерлерге (қатысушыларға) - жеке тұлғаларға және атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамдарға) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың акционерлерін (қатысушыларын) - заңды тұлғаларын басқару органының (қадағалау кеңесінің) бірінші басшыларына қойылатын талаптарды күшейту болып табылады.

Қаулы жария талқылау рәсімінен, оның ішінде «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ және «Атамекен» ҰКП-ның талқылауынан өтті.

            

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237-10-89, press@finreg.kz