
2022 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Тәжікстан Республикасының Қаржы министрлігі Бағалы қағаздар нарығын дамыту агенттігінің және мамандандырылған тіркеушісінің өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу Агенттік Төрағасының орынбасары М.Ж. Хаджиеваның және Тәжікстан Республикасының Қаржы министрлігі Бағалы қағаздар нарығын дамыту агенттігінің және мамандандырылған тіркеушісінің директоры
Н. Ш. Абдурахмонзоданың қатысуымен бейне конференция байланысы режимінде өтті.
Кездесу аясында Қазақстан мен Тәжікстанның бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайы, соңғы заңнамалық өзгерістер, сондай-ақ екі елдің капитал нарығын дамыту жөніндегі алдағы жоспарлар талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қаржы реттеушілері арасындағы ынтымақтастық бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін тәжірибе алмасу бойынша бірқатар іс-шаралар өткізу туралы уағдаласты.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz