2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс қорытындылары туралы

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы  жұмыс қорытындылары туралы

2021 жылғы сәуірде  ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) қызметі тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерінде, негізінен қарыз алушылардың жәрдем ету және борыш жүктемесін азайту үшін шаралар қабылдау туралы өтініштерін қараумен байланысты болады.

Есепті айда Агенттік банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың

2 452 өтінішін қарады, бұл 2022 жылғы наурызбен салыстырғанда 18,3%-ға артық.

Өтініштердің ең көп үлесі банк секторына (екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар) келіп түсті, ол өтініштердің жалпы санының 67%-ын құрады. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өтініштердің жалпы санының 12%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің – 2%-ын, коллекторлық агенттіктердің - 3%-ын, өзге де ұйымдардың - 16%-ын құрады.

2022 жылғы сәуірде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың әрекеттерінде анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтар бойынша Агенттік 6 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, 15 жазбаша ұйғарым және әкімшілік құқық бұзушылық турлы 96 хаттама бойынша жалпы сомасы  25,5 млн теңгеге 20 әкімшілік жаза қолданылды:

1) екінші деңгейдегі банктер -  5 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, жалпы сомасы 1,04 млн теңгеге 2 әкімшілік құқық бұзушылықтар  туралы хаттама бойынша 2 әкімшілік жаза;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары – 1 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы;

3) коллекторлық агенттіктер - 2 жазбаша ұйғарым, жалпы сомасы 1,45 млн теңгеге 9 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша 6 әкімшілік жаза;

4) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар – 13 жазбаша ұйғарым, жалпы сомасы 23,05 млн теңгеге 85 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша  12 әкімшілік жаза қолданылды.

2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыздар алған қарыз алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтауға бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасының бірінші бөлігінің шеңберінде банктер 2022 жылғы 1 мамырда жағдай бойынша  мақұлдады 194,3 млрд теңге сомаға қайта қаржыландыруға 30 071 өтінімді мақұлдады. 184,2 млрд теңге сомаға 29 136 қарыз қайта қаржыландырылды, оның ішінде 2020 жылдан бастап 25,9 млрд теңге сомаға 2 486 қарыз қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 2020 жылғы желтоқсанда 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауды аяқтады. Бағдарламаның бірінші және екінші бөліктерін іске асыру кезеңінде банктер 132,2 млрд теңге сомаға 13 784 валюталық ипотекалық қарызды айырбастауды жүргізді.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер 2021 жылғы желтоқсанда ХӘОТ санаты бойынша қарыздары Бағдарлама шеңберінде бұрын қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыз алушыларға қарыз алушының берешегін азайту және өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу түріндегі қосымша көмек көрсету, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару бойынша жұмысты аяқтады. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан шамамен 8,1 мың қарыз алушыға 48,2 млрд теңге сомаға қосымша көмек көрсетілді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz