«Астық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының кредиторларымен есеп айырысулар жүргізу туралы

«Астық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының кредиторларымен есеп айырысулар жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

01.05.2022 жылғы жағдай бойынша «Астық сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) мәжбүрлеп таратылуда.

Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымын тарату комиссиясының негізгі міндеті кредиторлармен есеп айырысуларды қамтамасыз ету және таратылатын сақтандыру ұйымының істерін аяқтау болып табылады.

Қазіргі уақытта Компанияның тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлардың талаптарын 10 669 мың теңге жалпы сомада толық көлемде қанағаттандырды.