
2022 жылғы 13 мамырда Алматы қаласында «Стресс-тестілеу банктік тәуекелдерді талдау әдісі ретінде» тақырыбында конференция өтті. Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі. Аталған іс-шараға екінші деңгейдегі банктердің, консалтингтік компаниялардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері қатысты.
Конференцияны ашып және қатысушыларды құттықтай отырып, Агенттік Төрағасының орынбасары Олжас Төлегенұлы Қизатов осы конференцияны өткізудің басты мақсаты стресс-тестілеу саласында тәжірибе мен білім алмасу болып табылатынына қатысушылардың назарын аударды.

Макроэкономикалық күйзелістердің, оның ішінде пандемияның және геосаяси күйзелістердің туындауы банк секторының қаржылық орнықтылығын бағалаудың сапалы құралдарын қолдану қажеттілігіне ерекше мән береді. Осы бағыт шеңберінде Агенттік соңғы екі жыл ішінде AQR-ды және қадағалап стресс-тестілеуді (ҚСТ) қадағалау процесіне ықпалдастыру жолымен құралдарды кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуде.
2021 жылы Агенттік AQR әдіснамасын әзірледі, AQR модельдері мен құралдары бейімделді, сондай-ақ қадағалап стресс-тестілеу тұжырымдамасы, әдіснамалық нұсқаулығы, шаблондар, нұсқаулар мен сценарийлер әзірленді. 2021 жылғы маусым – 2022 жылғы наурыз аралығындағы кезеңде пилоттық режимде 4 ірі банк бойынша AQR және ҚСТ қашықтан өткізілді. Осы пилот шеңберінде банктермен бизнес-процестер ойдағыдай пысықталды, жаңа әдіснамалық тәсілдер бейімделді және қолданылатын құралдардың сапасын тексеру жүзеге асырылды.
Бұған қосымша, банктердің қызметкерлеріне модельдеу бойынша көмек аясында Агенттік «AFR» эконометрикалық топтамасын жариялады. Агенттіктің негізгі күтуі банктердің тәуекелдерге ұшырауды бағалаудың сапалы құралдарын құруға мүдделілігін арттыру болып табылады.
Конференция барысында Агенттік қызметкерлері AQR мен стресс-тестілеудің негізгі алғышарттары мен тәсілдерін ұсынды:
Өз кезегінде, конференцияға қатысушылар стресс-тестілеу өткізудегі, оның ішінде 2021 жылы ҚСТ пилоттық түрде стресс-тестілеу өткізудегі өздерінің тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік алды.
2022 жылы банктердің кеңейтілген тізімі бойынша AQR және ҚСТ өткізу жоспарланған, бұл банк секторының ағымдағы және ықтимал тәуекелдерге ұшырағыштығын бағалауға мүмкіндік береді. Осы қадағалау іс-шаралары шеңберінде шаблондарды толтыру және банктердің меншікті үлгілерін құру бойынша нұсқаулықтарды ұсына отырып, әдіснамалық талаптар бойынша оқыту сессияларын өткізу жоспарланып отыр.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 2371089, press@finreg.kz