ҚНРДА 2022 жылғы 1-тоқсандағы «Тәуекел жағдайындағы өсу» есебін жариялады

ҚНРДА 2022 жылғы 1-тоқсандағы «Тәуекел жағдайындағы өсу» есебін жариялады

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Тәуекел жағдайындағы өсу» атты тоқсан сайынғы есепті (бұдан әрі – Есеп) жариялауды бастады және Есептің 2022 жылғы 1-тоқсандағы 1-ші шығарылымын дайындады.

Есепте ел экономикасы дамуының сыртқы және ішкі макроқаржы жағдайларының жай-күйін сапалы бағалау және олардың қысқа мерзімді және орта мерзімді болашақта Қазақстанның ІЖӨ шартты өсуінің бөлінуіне әсері қамтылады. Есепте 2022 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша өзекті статистикалық ақпарат пайдаланылады. Есептеулер Growth at Risk[1] ықтималдылық үлгісін (бұдан әрі – GaR) пайдалана отырып жүргізілді.

Есепте елдегі қаңтар оқиғасы, геосаяси шиеленіс және Батыстың Ресейге қарсы санкциялары салдарынан 2022 жылғы 1-тоқсанда макроэкономикалық жағдай күрт нашарлағаны атап өтіледі. Мұны жалпы экономикадағы қаржылық жағдайдың жай-күйін көрсететін және GaR үлгісі негізінде есептелетін FCI (Financial Conditions Index) серпінінен де көруге болады. Мәселен, экономикалық өсімнің 2021 жылғы 4-ші тоқсандағы 4%-дан ағымдағы жылғы 1-ші тоқсандағы 5,5%-ға дейін үдеуіне қарамастан, FCI жинақтау индексінің бағыты қатаңдату жағына қарай өзгерді. Алайда, қаржылық жағдайларды қатаңдату белгілі бір аралықпен экономикалық өсуге тежеуші әсер ететінін атап өту қажет.

GaR үлгісін бағалауға сәйкес макроқаржылық жағдайлардың нашарлауы Қазақстанның ІЖӨ шартты өсуінің бір жылдан кейін 0,8 п.т. төмендеуіне және орта мерзімді кезеңде қалыпқа келе отырып өсуінің 0,4 п.т. ұлғаюына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, ІЖӨ-нің кері өсуінің ықтималдылығы ағымдағы жылы 11%-дан 31%-ға дейін 20 п.т. ұлғайды, алайда орта мерзімді кезеңде мұндай ықтималдылық 19%-ға дейін төмендейді.

Сонымен қатар, сценарийлік талдау мұнай бағасын арттырудан болатын оң әсердің экономика үшін пайыздық мөлшерлеме «күйзелісінің» тежеу  әсерінің орнын толтыратынын көрсетті.

Мұндай жағдайларда барынша қатаң ішкі және жаһандық қаржылық жағдайлар макроқаржылық тәуекелдердің және олардың ел экономикасына теріс әсерінің біртіндеп өсуіне ықпал етуі мүмкін екендігін мұқият қадағалау қажет.

Агенттік тоқсан сайын «Тәуекел жағдайындағы өсу» есебін жариялап отырады. Есептің толық мәтінін Агенттіктің сайтынан табуға болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

 +7 (727) 2371089, press@finreg.kz

 

 

 

 

 

1] Growth at Risk үлгісін әдіснамалық сипаттаумен толығырақ  https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/246028?lang=ru сілтемесі бойынша танысуға болады