
2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі – KASE) сауда-саттық тізімдерінде 147 эмитенттің 161 акциясы болды, оның ішінде 43 шығарылым KASE Global секторында айналымға жіберілді.
2022 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша KASE индексі 3 348,6 тармаққа дейін 0,4%-ға төмендеді. Ең көп төмендеу «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ (-5,7%) бойынша болды.
Акциялар нарығын капиталдандыру 2022 жылғы наурызда листинг жасалатын компаниялар акцияларының құнын ұлғайту есебінен 0,8%-ға немесе 188 млрд теңгеге ұлғайды және 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 23,3 трлн теңгені құрады.
Ағымдағы жылғы ақпан айында акциялармен сауда-саттық көлемі 2022 жылғы ақпандағы акциялармен сауда-саттық көлеміне қатысты 28,7%-ға немесе 3 млрд теңгеге ұлғайып, 13,3 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2022 жылғы наурыз айында алдыңғы қор биржасының ресми тізімінен айналыс мерзімінің өтуі және мерзімінен бұрын өтеу себебінен мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымдарын алып тастауға байланысты алдыңғы кезеңге қарағанда 1%-ға немесе 146 млрд теңгеге төмендеді және 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 14,8 трлн теңгені құрады. 2022 жылғы 1 сәуірге KASE сауда-саттық тізімінде 82 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 324 шығарылымы болды.
2022 жылғы наурызда KASE корпоративтік облигацияларымен сауда-саттық көлемі алдыңғы айға қатысты 33%-ға, бастапқы нарықта орналастырулардың болмауына және корпоративтік облигациялардың қайталама нарығында сауда-саттық көлемінің төмендеуіне байланысты 58,2 млрд теңгеге дейін азайды.
Корпоративтік облигациялардың қайталама нарығында инвесторлардың негізгі санаттары бойынша екінші деңгейдегі банктердің үлесі 0,8%-ды, брокерлік және дилерлік ұйымдардың үлесі 3,7%-ды, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі 12,5%-ды, басқа заңды тұлғалардың үлесі 77,2%-ды, жеке тұлғалардың үлесі 5,8%-ды құрады. Бейрезиденттердің үлесі 12,9%-ды құрады.
KASE-те саудаланатын мемлекеттік борыштың номиналды сомасы 2022 жылғы ақпандағы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,3%-ға немесе 395,7 млрд теңгеге азайып, 2022 жылғы наурызда 17,3 трлн теңгені құрады.
2022 жылдың қорытындылары бойынша KASE-тегі мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттығының жиынтық көлемі 2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда 80,1%-ға немесе 267 млрд теңгеге ұлғайып, 600,2 млрд теңгені құрады.
2022 жылғы наурызда мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда 27,6%-ға немесе 58,5 млрд теңгеге өсіп, 270,5 млрд теңгені құрады. Бүкіл көлем Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық міндеттемелерін орналастыруға бағытталды.
2022 жылғы наурызда қайталама нарықтағы инвесторлар құрылымындағы банктердің үлесі – 27,6%, брокер-дилерлік ұйымдардың үлесі – 1,6%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі – 15,8%, басқа заңды тұлғалардың үлесі – 54,4%, жеке тұлғалардың үлесі – 0,5% болды. Бейрезиденттердің қатысуы 9,2%-ға бағаланады.
2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығында 41 инвестициялық пай қорлары жұмыс істеді, оның ішінде 22 аралық, 18 жабық және 1 ашық.
Ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтердің жиынтық көлемі 2022 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша 36 млрд теңгеге немесе 6,8%-ға төмендеп, 491,2 млрд теңгені құрады (2022 жылдың басынан бері өсім – 1,6%). Бұл төмендеу, ең алдымен, бағалы қағаздар портфелінің төмендеуі есебінен болды (32,8 млрд теңгеге немесе 6,9%-ға төмендеу). Атап айтқанда, айтарлықтай азаюға әсер еткен бейрезидент-эмитенттердің (25,2 млрд теңгеге немесе 7%-ға төмендеуі) және резидент-эмитенттердің (6,9 млрд теңгеге немесе 7,8%-ға төмендеуі) бағалы қағаздар портфелі.
2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша инвестициялық пай қорлардың негізгі активтері 440,7 млрд теңгені немесе жиынтық активтердің 89,7%-ын құрайтын бағалы қағаздар портфелі болып табылады, бұл ретте портфельдің 98,2%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.
2022 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша инвестициялық пай қорлары портфеліндегі бейрезидент-эмитенттердің бағалы қағаздары 335,4 млрд теңгені немесе жиынтық активтердің 68,3%-ын, ҚР резидент-эмитенттерінің бағалы қағаздары 80,6 млрд теңгені немесе жиынтық активтердің 16,4%-ын құрады. Активтер құрамында, сондай-ақ 16,5 млрд теңге немесе жиынтық активтердің 3,4%-ы мөлшерінде шетелдік инвестициялық қорлардың пайлары бар.
2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын 39 брокер және дилер (16 банк және 23 банктік емес ұйым), 9 кастодиан банк, 19 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ бірыңғай тіркеуші функцияларын орындайтын: «Қазақстан қор биржасы» АҚ және «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ сияқты 2 инфрақұрылымдық ұйым ұсынды. Сонымен қатар, «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың негізінде орталық контрагент жұмыс істейді. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялар саны 72 дананы құрады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz