2022 жылғы наурыздағы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс қорытындылары туралы

2022 жылғы наурыздағы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс қорытындылары туралы

2022 жылғы наурызда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі қызметі, негізінен, жеке және заңды тұлғалардың қаржы ұйымдарының қызметіне қатысты өтініштерін қараумен байланысты болды.

Есепті айда Агенттік қаржы ұйымдарының, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі-МҚҚЖҰ) және коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 2073 өтінішін қарады, бұл өткен айдың көрсеткіштерінен өзгеріссіз қалды.

Өтініштердің басым бөлігі банк секторының үлесіне келді (екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар), ол өтініштердің жалпы санының 76%-ын құрады. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері жөніндегі өтініштер олардың жалпы санының 12%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 2%-ын, коллекторлық агенттіктердің 3%-ын, өзге де ұйымдардың 7%-ын құрады.

Агенттік 2022 жылғы наурызда екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің және МҚҚЖҰ іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының заңнамасын анықталған бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 9,3 млн теңгеге 45 хаттама бойынша 6 ұсынымдық қадағалап ден қою шараларын, 6 жазбаша ұйғарым және 15 әкімшілік жаза қолданды, мыналарға қатысты:

1) екінші деңгейдегі банктерге – 0,6 млн теңге сомаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1 хаттама бойынша 6 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, 1 әкімшілік жаза;

2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – 0,1 млн теңге сомаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1 хаттама бойынша 1 әкімшілік жаза;

3) коллекторлық агенттіктерге – жалпы сомасы 6,6 млн теңгеге әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 34 хаттама бойынша 9 әкімшілік жаза.

4) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға – жалпы сомасы 2,0 млн теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 9 хаттама бойынша 6 жазбаша ұйғарым, 4 әкімшілік жаза қолданылады.

2004-2009 жылдар аралығы кезеңінде ипотекалық қарыздар алған қарыз алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтауға бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасының бірінші бөлігінің шеңберінде банктер 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 193,6 млрд теңге сомаға қайта қаржыландыруға 29 993 өтінімді мақұлдады. 183,5 млрд теңге сомаға 29 063 қарыз қайта қаржыландырылды, оның ішінде                               2020 жылдан бастап 25,2 млрд теңге сомаға 2 413 қарыз қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 2020 жылғы желтоқсанда 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауды аяқтады. Бағдарламаның бірінші және екінші бөліктерін іске асыру кезеңінде банктер 222,6 млрд теңге сомаға 27 202 валюталық ипотекалық қарызды айырбастады.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер 2021 жылғы желтоқсанда ХӘОТ санаты бойынша қарыздары Бағдарлама шеңберінде бұрын қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыз алушыларға қарыз алушының берешегін азайту және өтеудің жеңілдікті кестелерін белгілеу түріндегі қосымша көмек көрсету, сондай-ақ банктің балансында тұрған жалғыз тұрғын үйді қарыз алушының меншігіне қайтару бойынша жұмысты аяқтады. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан шамамен 8 мың қарыз алушыға 50,9 млрд теңге сомаға қосымша көмек көрсетілді

  

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz