Агенттік «ARES» корпоративтік қарыз алушыларына арналған рейтингтік үлгіні әзірледі

Агенттік «ARES» корпоративтік қарыз алушыларына арналған рейтингтік үлгіні әзірледі

2021 жылдан бастап Агенттік қадағалау процесіне активтердің сапасын тұрақты бағалау (AQR) және қадағалап стресс-тестілеу жүйесін енгізу жолымен тәуекелге бағдарланған банктік қадағалау құралдарын кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Қарыз алушы-заңды тұлғалардың тәуекелін бағалау тұрақты AQR-дің ажырамас бөлігі болып табылады. Тәуекел санатын және қарыз алушылардың дефолт ықтималдығын анықтау, сондай-ақ талдаушылар пікірінің әсерін азайту үшін статистикалық әдістер негізінде кредиттік тәуекелді бағалау үлгілері жоғары сұранысқа ие құрал болып табылады. Агенттік осы мақсаттар үшін корпоративтік қарыз алушылардың - Agency's Rating Estimation System (ARES) жеке рейтингтік үлгісін әзірледі.

ARES қарыз алушылардың санатын кредиттік тәуекел деңгейі бойынша анықтауға, дефолт ықтималдығын есептеуге және қарыз алушылар бойынша күтілетін кредиттік шығындарды олардың қаржылық есептілігі негізінде дәл бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ARES-те қолайсыз экономикалық жағдай туындаған кезде стрестің әсерін ескеруге мүмкіндік беретін түзету факторлары бар.

Банктерден алынған деректер негізінде халықаралық тәжірибені, оның ішінде Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің ұсынымдарын ескере отырып, статистикалық үлгі жасалды. Салыстырмалы түрдегі жоғары дәлдік нәтижелеріне қарамастан, ARES заңдық күшіне енгізудің стандартты рәсімінен мерзімді негізде өтеді және қажет болған жағдайда пысықталады.

Болашақта ARES нәтижелері қарыз алушылар бойынша тәуекел деңгейін анықтау үшін ғана емес, корпоративтік қарыз алушылардың кредиттері бойынша мөлшерлемелерді бағалау және олардың құнының нарықтық құнын талдау, қарыз алушылардың қаржылық жай-күйінің нашарлауына алып келмейтін қосымша кредиттердің ықтимал сомаларын анықтау үшін де пайдаланылуы мүмкін.

Мұндай тәсіл Агенттікке неғұрлым терең талдау жүргізуге және мемлекеттік ынталандыру бағдарламаларын нақтылауға мүмкіндік береді.

ARES үлгісін мына жерден табуға болады

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 2371089, press@finreg.kz