
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) қарыз алушылардың борыш жүктемесінің деңгейін шектеу және қарыз алушылардың банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша құқықтарын қорғау мақсатында Басқарманың мынадай қаулыларының жобаларын әзірледі:
– «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы»;
– «Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы».
1) Агенттік Басқармасының «Жылдық тиімді сыйақының шекті мөлшерлемесін бекіту туралы» қаулысының жобасында банктер үшін қамтамасыз етілмеген қарыздар, кепілмен қамтамасыз етілген қарыздар бойынша және ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті мөлшерлемесін жеке айқындау үшін бірыңғай формуланы енгізу көзделген.
Құжат жобасына сәйкес қорландыру құны, кредит тәуекелінің деңгейі мен операциялық шығындар, пайыздық маржа сияқты экономикалық факторларға байланысты банктік қарыздар бойынша ЖТСМ шекті мөлшерлерін белгілеу ұсынылады. Бұл өлшемдер банктердің реттеушілік және өзге де есептерінің біріктірілген деректері негізінде белгілі бір жиілікпен есептелетін болады деп жоспарлануда.
2) «Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» Ұлттық Банк Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы Микроқаржылық қызмет туралы заңның 4-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді және 50 АЕК дейінгі сомаға және 45 күнге дейінгі мерзімге 5,5% деңгейінде микрокредиттер бойынша сыйақының шекті номиналды мөлшерлемесін белгілеуді көздейді. Қазір банктер мен МҚҰ-ның кредиттері бойынша ең жоғары шекті жылдық тиімді мөлшерлеме 56%-ды құрайды, бұл ретте онлайн микрокредиттер бойынша 45 күнге дейін және 50 АЕК-тен аспайтын мерзімге 25% мөлшерінде шекті номиналды мөлшерлеме қолданылады. Осыған байланысты сыйақының шекті номиналды мөлшерлемесінің ұсынылып отырған мәні банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша ЖТСМ ең жоғары шекті мәндерін біріздендіруге мүмкіндік береді.
Агенттік жоғарыда көрсетілген тәсілдерді Агенттік Төрағасының 2021 жылғы 29 қазандағы № 349 бұйрығымен құрылған, Халықтың борыш жүктемесін азайту үшін ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс істейтін жұмыс тобының шеңберінде ағымдағы жылғы 20 наурызда қаржы нарығына қатысушылардың қарауы және талқылауы үшін ұсынды.
Қазіргі уақытта қаулы жобалары жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 237-10-90, email: press@finreg.kz