«Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу туралы

«Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ  қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу туралы

«Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу туралы

 15.04.2022 жылдан бастап «Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ-ты (бұдан әрі – Сақтандыру компаниясы) мәжбүрлеп тарату рәсімі аяқталды. Көрсетілген күннен бастап Сақтандыру компаниясы өз қызметін тоқтатты деп есептеледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 21.02.2019 жылғы №29 қаулысымен Сақтандыру компаниясы 22.02.2019 жылдан бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан айырылды және уақытша әкімшілік тағайындалды.

24.06.2019 жылы Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының (бұдан әрі - МАЭС) 16.05.2019 жылғы Сақтандыру компаниясының қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы шешімі заңды күшіне енді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 24.06.2019 жылғы №274 бұйрығымен Сақтандыру компаниясының тарату комиссиясы тағайындалды, оған кредиторлармен есеп айырысу жүргізу және Сақтандыру компаниясының істерін аяқтау мақсатында мүлікті және істерді басқару жөніндегі өкілеттіктер жүктелді.

29.12.2021 жылы Агенттік Төрағасының орынбасары Сақтандыру компаниясының тарату туралы есепті және тарату балансын келісті.

Агенттіктің 07.04.2022 жылғы №0000074 С сериялы куәлігімен Сақтандыру компаниясының жарияланған акцияларының шығарылымы берілген уақыттан бастап күшін жойды.

16.02.2022 жылы Алматы қ.  МАЭС-тың 27.01.2022 жылғы Сақтандыру компаниясын тарату туралы есепті және тарату балансын бекіту туралы шешімі заңды күшіне енді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 15.04.2022 жылғы №12678 бұйрығымен Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтерді енгізу арқылы Сақтандыру компаниясы қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу тіркелді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 50-бабының 10-тармағына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы аяқталды, ал заңды тұлға өз қызметін тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілгеннен кейiн есептеледі.