
2022 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) екінші оқылымда мақұлданды.
Заң жобасы жаңа сақтандыру өнімдерін енгізу, міндетті сақтандыру сыныптарын оңтайландыру, көрсетілетін қызметтерді одан әрі цифрландыру, тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау сапасын арттыру, қолданыстағы заңнаманы үздік халықаралық практикаларға сәйкес келтіру арқылы сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін құқықтық жағдайлар жасауға бағытталған.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 237-10-90, email: press@finreg.kz