
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттіктің кадр резервіне алу үшін кандидаттарды іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.
Жоғары оқу орындарының талантты әрі болашағынан үміт күттірер түлектерін және жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандарды шақырамыз.
Кандидаттарды іріктеу кезінде тиісті білім, жоғары деңгейдегі біліктілік, жұмыс тәжірибесі, халықаралық қаржы және тіл білу сертификаттарының болуы, сондай-ақ кандидаттың әлеуеті негізгі өлшемшарттар болып табылады.
Үздіктер кезеңдік тәсіл арқылы таңдалатын болады:
1-кезеңде кандидаттарға резюме мен эссе тапсыру ұсынылады.
2-кезеңде резюме мен эссені қарау нәтижелері бойынша іріктелген кандидаттар Агенттіктің мүдделі бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесуге шақырылады (кандидаттың резюмесінде көрсетілген электрондық пошта немесе телефон арқылы).
Іріктеу жеңімпаздары Агенттіктің кадр резервіне алынып, бір жылдың ішінде Агенттікке жұмысқа орналастырылуы мүмкін.
Агенттіктің кадр резервіне алынған адамдардың бекітілген тізімі Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастырылады.
Лауазымдар мен оларға қойылатын талаптар жөніндегі ақпарат қоса беріліп отыр.
Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің бағыттары туралы ақпаратпен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/about/structure/2/1?lang=ru.
2022 жылғы 18 сәуір – 17 мамыр (қоса алғанда) аралығындағы кезеңде іріктеуге қатысу үшін Сіз Агенттіктің ресми сайтынан: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/article/details/82141?lang=kk
- «Резюменің» электрондық нұсқасының үлгісін (бұдан әрі – үлгі) жүктеуіңіз;
- үлгіні талаптарға сәйкес толтыруыңыз (жолдар қосылмайды және алып тасталмайды);
- үлгіні және суретіңіз жапсырылған, Word форматындағы резюмені Anara.Pavanova@finreg.kz, Assel.Yermekova@finreg.kz электрондық мекенжайларына жіберуіңіз қажет.
Жұмысқа орналасу және іріктеу кезеңдері туралы ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 8 (727) 237-1228, 237-1236, 237-1235, e-mail: Anara.Pavanova@finreg.kzGulzhan.Aimanbetova@finreg.kz, Assel.Yermekova@finreg.kz
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz