
2022 жылғы 5 сәуірде Агенттік Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №304 қаулысына[1] өзгерістер қабылдады, олар:
- жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша пруденциялық нормативтерді есептеу тәртібін өзгертуді;
- эмитенттердің рейтингі төмендеген және валюталар бағамы 10%-ға және одан да көп пайызға өзгерген кезде сыртқы күйзелістердің салдарларын жою мақсатында инвестициялық портфелінің құрылымын заңнама талаптарына сәйкес келтіру үшін сақтандыру ұйымдарына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін уақыт беруді көздейді.
Тұтастай алғанда, сақтандыру нарығындағы ахуал тұрақты болып қалып отырғанын атап өтеміз. Қазақстанның сақтандыру ұйымдарында туындаған тәуекелдерге барабар ден қоюға мүмкіндік беретін жеткілікті беріктік қоры бар. 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша активтері 1,95 трлн теңге және олар 1,2 трлн теңгені құрайтын міндеттемелерін толық өтейді.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237-10-90, press@finreg.kz
[1] «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы