
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қарыз алушылардың кредиттік тарихын жақсарту мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекеттік кредиттік бюромен (бұдан әрі – МКБ) және Бірінші кредиттік бюромен (бұдан әрі – БКБ) бірлесіп www.fingramota.kz қаржылық сауаттылық жөніндегі оқыту медиапорталында кредиттік тарихтағы ақпаратты қашықтан даулау процесін іске қосты. Кредиттік тарихтағы ақпаратты МКБ-ның сайтында «Ақпаратты қалай даулауға болады» және БКБ-ның сайтында «Ақпаратты даулау» бөлімінде де даулауға болады.
Бұл қызмет азаматтарға тегін көрсетіледі. Өтінімдер онлайн режимінде қабылданады. Өтініштер заңнамада белгіленген мерзімдерде өңделеді. Ақпаратты даулау туралы өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде және кредитордан алынған жауаптың ақпараты негізінде өтініш берушіге кредиттік бюродан алынған тиісті нәтиже жіберіледі.
Ақпарат дұрыс емес деп танылып, кредитор түзетулер енгізген жағдайда, бұл өзгерістер өтініш берушінің кредиттік есебінде көрсетіледі.
Дербес кредиттік есептегі ақпаратқа мынадай жағдайларда даулауға болады:
Егер сіз дербес кредиттік есептегі қандай да бір маңызды ақпаратпен келіспесеңіз, сіз БКБ-ға: ақпаратты даулау туралы өтініш жазу (www.fingramota.kz сайты арқылы беріледі, өз деректеріңізді арнайы нысанда көрсету керек: ЖСН және телефон нөмірі), сондай-ақ ақпаратты даулау туралы өтінішпен (өтініштер нысаны МКБ https://www.mkb.kz сайтында «Ақпаратты қалай даулауға болады» бөлімінде орналастырылған) МКБ-ға жүгінуге құқығыңыз бар.
Сайттағы кредиттік тарих туралы ақпаратты даулау үшін www.fingramota.kz даулау күніне дейін 15 күннен кешіктірмей алынған өзекті дербес кредиттік есеп болуы қажет.
Оны кредиттік бюролардан сұратуға болады:
Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы өзінің толық кредиттік тарихын жылына бір рет тегін алуға құқылы.
Кредиттік тарихтағы ақпаратты даулау туралы өтініштің мәртебесін:
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Агенттіктің call-орталығына +7 (727) 237 1000
нөмірі бойынша хабарласыңыз
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін)
Агенттіктің cыртқы коммуникациялар басқармасы: +7 (727) 237-10-90, e-mail: press@finreg.kz