
2022 жылғы 17 наурызда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымованың Еуропа қайта құру және даму банкінің (бұдан әрі – ЕҚДБ) вице-президенті Алан Пиюмен кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында Қазақстанның қаржы нарығындағы ағымдағы ахуал, негізгі сын-қатерлер және оны одан әрі дамытудың басымдықтары талқыланды.
Тараптар Агенттік пен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын да талқылады. Олардың ішінде – Қазақстан Республикасында стрестік активтер нарығын дамыту шеңберінде қолдау көрсету, сондай-ақ қаржы нарығында ESG (Environmental, Social and Governance – Экология, Әлеуметтік даму, Корпоративтік басқару) стандарттарын енгізу және дамыту.
Кездесу кезінде «Экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді, сондай-ақ корпоративтік басқару және корпоративтік климаттық басқару тәуекелдерін басқару және реттеу саласындағы ынтымақтастық туралы» меморандумға (бұдан әрі – Меморандум) қол қойылды.
Меморандум шеңберінде Агенттік және ЕҚДБ бірнеше салада ынтымақтастықта болады: қаржы секторындағы экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік ESG-тәуекелдерді реттеу жөніндегі халықаралық тұрғыдан танылған стандарттарды әзірлеу және енгізу және климатты корпоративтік басқарудың (Corporate Climate Governance, CCG) ең үздік практикаларын ілгерілету.

Меморандум Қазақстан қаржы нарығының компанияларына осы практикаларды жүйелі пайдалануға және тәуекелдерді басқарудың заманауи жүйелері мен стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді.
Агенттіктің cыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 237-10-90, e-mail: press@finreg.kz