
2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 22 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 14 банк шет елдің қатысуымен, оның ішінде 11 еншілес банк. Банк секторының жиынтық активтері 2022 жылғы 1 ақпанда негізінен несие портфелінің төмендеуі есебінен, атап айтқанда РЕПО операциялары бойынша мәмілелерді өтеу есебінен қаңтар айында 1,7%-ға азайып, 36,98 трлн теңгені құрады.
Екінші деңгейдегі банктердің шамамен 11,56 трлн теңгені немесе активтердің 31,3%-ын құрайтын жоғары өтімді активтерінің елеулі қоры бар. Еркін өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Банк секторының міндеттемелері 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қаңтар айында негізінен клиенттер салымдарының 1,8%-ға төмендеуі есебінен 2,1%-ға азайып, 32,38 трлн теңгені құрады. Банк секторы міндеттемелерінің құрылымы негізінен банктердің жиынтық міндеттемелерінің 78,9%-ын немесе 25,54 трлн теңгені құрайтын депозиттік портфельмен ұсынылған.
2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банк секторының жеткілікті капитал қоры бар. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) – 19,3%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 23,3%, бұл жүйе бойынша орташа алғанда заңнамада белгіленген нормативтерден айтарлықтай асып түседі.
2022 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша банктердің таза пайдасы 105 млрд теңгені құрады. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2022 жылғы 1 ақпанда 3,7% (2021 жылғы 1 ақпанда – 2,6%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 30,2%-ды құрады (2021 жылғы 1 ақпанда – 20%).
Экономикаға кредиттер 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 2022 жылғы қаңтарда іс жүзінде өзгермей, 18,5 трлн теңгені құрады.
Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 2022 жылғы қаңтарда 16,7 трлн теңгеге дейін 0,7%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттердің көлемі 1,80 трлн теңгеге дейін 5,9%-ға төмендеді. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 90,3%-ды құрады.
2022 жылғы қаңтарда 1,35 млрд теңгеге жаңа кредиттер берілді, бұл 2021 жылғы желтоқсанға қарағанда 46%-ға төмен. 2022 жылғы қаңтардың ішінде заңды тұлғаларға берілген кредиттер 7,72 трлн теңгеге дейін 0,6%-ға қысқарды.
2022 жылғы қаңтардың ішінде жеке тұлғаларға берілген кредиттер 10,79 трлн теңгеге дейін 0,5%-ға ұлғайды, соның ішінде ипотекалық қарыздар 3,36 трлн теңгеге дейін 1,2%-ға өсті, тұтынушылық қарыздар 6,12 трлн теңгеге дейін 0,5%-ға дейін төмендеді.
Жеңілдікті мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын жалғастыру, сондай-ақ азаматтардың зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану тетігін іске асыру нәтижесінде ипотекалық қарыздар көлемі 2022 жылғы қаңтардың ішінде 3,36 трлн теңгеге дейін 1,2%-ға ұлғайды. Тұтынушылық кредиттер 6,11 трлн теңгеге дейін 0,5%-ға қысқарды.
2022 жылғы қаңтарда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,0%-ды (01.01.2022ж. – 11,0%), жеке тұлғаларға – 17,7%-ды (01.01.2022ж.– 17,5%) құрады.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі кредиттік портфельдің жалпы көлемінің 3,4%-ын немесе 675 млрд теңгені құрады (2021 жылғы желтоқсанда - 3,3% немесе 669 млрд теңге).
ШОБ есепке алғанда, заңды тұлғалардың портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі 3,4% немесе 307 млрд теңгені құрады (2021 жылғы желтоқсанда – 3,4% немесе 316 млрд теңге). Жеке тұлғалардың портфелінде – 3,7% немесе 368 млрд теңге (2021 жылғы желтоқсанда – 3,5% немесе 353 млрд теңге).
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен жабу деңгейі 73,8%-ды құрады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz