
2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 27 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы – өмірді сақтандыру бойынша. 2022 жылғы қаңтарда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 3%-ға ұлғайды (және 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 1,88 трлн теңге болды). Активтердің ұлғаюы, негізінен ірі сақтандыру шарттарын жасауға негізделген.
Активтердің құрылымында ең көп үлес (жиынтық активтердің 69,4%-ы) бағалы қағаздарға тиесілі – 1,31 трлн теңге, олар қаңтарда 0,9%-ға немесе 11,5 млрд теңгеге азайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2022 жылғы қаңтарда 5,3%-ға немесе 58,1 млрд теңгеге ұлғайды және 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 1,1 трлн теңге болды. Міндеттемелердің ұлғаюы, негізінен, сақтандыру резервтерінің өсуінен болды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2022 жылғы қаңтарда 0,5%-ға азайып, 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 737 млрд теңге болды.
Сақтандыру секторының, негізінен, сақтандыру қызметінен түскен кірістерден алған таза пайдасы 2022 жылғы қаңтарда 6,9 млрд теңге болды.
2022 жылғы қаңтарда жеке және заңды тұлғалар бойынша 695 832 сақтандыру шарты жасалды, бұл 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 3,4%-ға көп. Бұл өсім, негізінен, жасалған жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары санының 2 есеге немесе 47 124-ке ұлғаюымен байланысты.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылғы қаңтарда 85,9 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтарға қарағанда 1,6 млрд теңгеге немесе 2,0%-ға көп.
Міндетті сақтандыру бойынша 2022 жылғы қаңтарда қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 10,6 млрд теңгені құрады, бұл негізінен қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 13%-ға ұлғаюы есебінен 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 262 млн теңгеге немесе 2,5%-ға көп.
Ерікті жеке сақтандыру бойынша 2022 жылғы қаңтарда қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 21,1 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 4,2 млрд теңгеге немесе 16,8%-ға аз. Төмендеу зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын жинаудың 75,4%-ға немесе 6,6 млрд теңгеге азаюына байланысты.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2022 жылғы қаңтарда 54,2 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,7 млрд теңгеге немесе 11,7%-ға көп. Бұл негізінен, мүлікті зияннан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылардың 11,5%-ға немесе 4,5 млрд теңгеге және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша 2,1 есе немесе 2 млрд теңгеге өсуімен байланысты.
Сақтандыру төлемдерінің көлемі 2022 жылғы қаңтарда 9 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтарға қарағанда 14,5%-ға көп. Барлығы 67 164 төлем жүзеге асырылды.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 237-10-90, email: press@finreg.kz