2022 жылғы 1 қаңтарға Қазақстанның микроқаржыландыру нарығының жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 қаңтарға Қазақстанның микроқаржыландыру нарығының жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 қаңтарға микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) активтері 2021 жылғы 4-тоқсанда 2,1% -ға (2021 жылы – 28,1%) ұлғайып, 1 57 трлн теңгені құрады. 

МҚҚЖҰ құрылымында активтердің басым бөлігі микроқаржы ұйымдарына – 815,3 млрд теңге немесе 51,9%, кредиттік серіктестіктерге – 543,4 млрд теңге немесе 34,6%, ломбардтарға - 211,9 млрд теңге немесе 13,5% тиесілі.

МҚҚЖҰ-ның жиынтық міндеттемелері 2021 жылғы 4-тоқсанда 5,8%-ға ұлғайып (2021 жылы 31,4%-ға өсу), 1 трлн теңгені құрады. Жиынтық міндеттемелердің негізгі үлесін алынған қарыздар 81,5% немесе 817,1 млрд теңге құрайды.

Микроқаржы секторының жиынтық меншікті капиталы 567,6 млрд теңгені құрады және негізінен жарғылық капитал мен бөлінбеген пайдадан қалыптасты. 4-тоқсанда МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы 3,7%-ға немесе 22,1 млрд теңгеге азайды (2021 жылы  22,8%-ға өсу).

МҚҚЖҰ-ның жиынтық несие портфелі 2021 жылғы 4-тоқсанда
 54,3 млрд теңгеге немесе 4,1%-ға артып (2021 жылы өсу – 33,3%),
1 37 трлн теңгені құрады. Айтарлықтай ұлғаю  сектордың барлық сегменттерінде жеке тұлғаларға берілген қарыздардың өсуіне байланысты болды.

МҚҚЖҰ қарыздарының негізгі үлесі 2021 жылғы 4-тоқсанда 16,9%-ға (2021 жылғы өсім 70,3%) ұлғайған микроқаржы ұйымдарына тиесілі - 54,1% немесе 743,3 млрд теңге. 

Кредиттік серіктестіктердің қарыздары 4-тоқсанда 9,1%-ға азайып (2021 жылғы өсім 3,6%), МҚҚЖҰ қарыздарының 36,3%-ын немесе 499 млрд теңгені құрады.

Ломбардтардың үлесіне 2021 жылғы 4-тоқсанда 2,6%-ға (2021 жылы өсу - 16,7%) азайған МҚҚЖҰ қарыздарының 9,6%-ы немесе 131,7 млрд теңге тиесілі.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша МҚҚЖҰ-ның жеке тұлғаларға берген қарыздар 2021 жылғы 4-тоқсанда 9,5%-ға (2021 жылы 50%-ға өсу) ұлғайып, 1,03 трлн теңгені құрады, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге берілген қарыздар 5,1%-ға 0,33 трлн теңгеге дейін өсті (2021 жылы 26,2%-ға өсу). 

Заңды тұлғаларға берілген қарыздар 2021 жылғы 4-тоқсанда 9,3%-ға 0,34 трлн теңгеге дейін азайды (2021 жылғы төмендеу - 0,1%).

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі 4,5%-ды құрады (2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 3,4%). Жеке тұлғалардың портфелінде бұл көрсеткіш 5,8%-ды (2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 4,8%), тұлғалардың портфелінде – 0,7%-ды (2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 0,7%) құрады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-90, email: press@finreg.kz