КЖ/ТҚҚ саласындағы өзгерістер туралы

КЖ/ТҚҚ саласындағы өзгерістер туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 18 қарашадағы №73-VІI ҚР Заңымен кейбір заңнамалық актілерге, оның ішінде «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді.

Енгізілген өзгерістердің негізгі мақсаты қолданыстағы заңнамадағы құқықтық олқылықтарды жою, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық конвенциялардың ережелерін іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын іске асыру тетіктерін құру, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ) саласындағы заңнаманы ФАТФ халықаралық стандарттарына келтіру болып табылады.

Осыған байланысты, заңнамалық түзетулердің талаптарын іске асыру мақсатында Агенттік 2022 жылғы ақпанда қаржы ұйымдары үшін КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды белгілейтін 6 қаулыға өзгерістер енгізді.

Түзетулер бірінші кезекте жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты мақсатты қаржылық санкцияларды іске асыру тетіктерін көздейді.

ФАТФ ұсынымдарына сәйкес келтіру мақсатында түзетулермен  заңды тұлға құрмай, шет мемлекеттің (аумақтың) заңнамасына сәйкес құрылған, қаржы мониторингі субъектілері тиісінше тексеру жөнінде шаралар жүргізуге міндетті, өз қатысушыларының не өзге де пайда алушылардың мүдделері үшін пайда (кіріс) алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға құқылы шетелдік құрылымдар клиенттер ретінде айқындалған.

Сондай-ақ түзетулерде осы тұлғаларды тиісінше тексеру жөніндегі рәсімдердің ара-жігін ажырату үшін жария лауазымды тұлға ұғымы ұлттық және шетелдік болып бөлінді, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің біржолғы операцияларды жүзеге асыратын және осындай операциялар туралы мәліметтерді сақтайтын клиенттерді тиісінше тексеру жөніндегі талаптарды белгілеу мақсатында «біржолғы операция» ұғымы енгізілді.

Бұдан басқа ұғымдар қатары цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын клиенттер типіне жататын, цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау жөніндегі қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен толықтырылған.

Қаулылар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді.

Бұрын жобалар жария талқылауға шығарылды, өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсініктемелер келіп түскен жоқ.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-90, email: press@finreg.kz