
2022 жылғы 22 ақпанда Агенттік Басқармасы «Фридом Финанс» АҚ-қа «Freedom Finance Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-тың және «Freedom Finance Insurance» Сақтандыру компаниясы» АҚ-тың сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімдер берді (№ 9 және № 10 қаулылар).
«Фридом Финанс» АҚ-та сақтандыру холдингі мәртебесінің болуы оның сақтандыру ұйымдарының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда олардың қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде олардың меншікті капиталын ұлғайту бойынша шаралар қабылдау міндетін болжайды.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237-10-90, press@finreg.kz