
2022 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасы Мәдина Әбілқасымова бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен кезекті кездесу өткізді, онда Агенттіктің 2021 жылғы қадағалау саясатының нәтижелері және бағалы қағаздар нарығындағы қадағалау саясатының 2022 жылға арналған негізгі басымдықтары талқыланды.
Кездесуге сондай-ақ «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ және «Қазақстан қор биржасы» АҚ сияқты инфрақұрылымдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ, отырыстың күн тәртібі бойынша шоғырландырылған ұстанымды ұсыну бөлігінде «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-ның қатысуын атап өту қажет.
2021 жылы Агенттік алғаш рет бағалы қағаздар нарығындағы қадағалау саясатының негізгі басымдықтарын жариялады, оның шеңберінде мынадай қорытындылар жасалды:
2022 жылы реттеуші реттеу мен қадағалауда теңбе-тең тәсілдерді іске асыруды жалғастырады, сондай-ақ тәуекелдерді бағалау және қадағалау жүйесін (RASS) жетілдіруді, оның ішінде Халықаралық Валюта Қорынан техникалық көмек тарта отырып, жетілдіруді жоспарлайды.
Қатысушылар үшін 2022 жылдың маңызды оқиғаларының бірі ерте ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын БҚНКҚ қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін жетілдіру болуға тиіс.
Орталық депозитарийдің қызметін халықаралық стандарттарға (ESMA, CSDR) сәйкес талаптарды қолдану бөлігінде бақылау мен қадағалау тәсілдерін жетілдіру, есеп айырысулардың қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру жоспарлануда.
2022 жылы Агенттік өткен жылдың қыркүйегінде іске қосылған бағалы қағаздар нарығында реттеу ортасын тестілеуді күтуде. Агенттік тарапынан реттеудің ерекше режимі шеңберінде іске асырылатын жобалардың іске асырылуына одан әрі мониторинг жүргізілетін болады.
Брокерлер ұсынатын қызметтер сапасын жақсарту шеңберінде клиенттерді бағалы қағаздармен кредиттеу бойынша операцияларды енгізу жоспарлануда.
Бұдан басқа, 2022 жылы бағдарламалық қамтылымның киберорнықтылығы мен тиімділігін бағалау тәсілдерін жетілдіру, іс-әрекетті қадағалау элементтерін іске асыру, сондай-ақ қор нарығының орнықтылығын арттыруға және бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейін жақсартуға бағытталған басқа да бірқатар бастамалар жоспарлануда.
Сонымен бірге кездесуге қатысушылар халықаралық бағалы қағаздар нарығындағы операциялар бойынша есептеулерді іске асырумен, автоматтандыруды және IT-қауіпсіздікті жақсартумен, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғаумен байланысты, әділетті салық салу және басқа да ағымдағы мәселелерді талқылады.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 727 237 1090, press@finreg.kz