«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасына түсіндірулер

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасына түсіндірулер

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасын іске асыру үшін әзірленген және азаматтардың соттан тыс және сот арқылы банкрот болу рәсімдерін енгізуді көздейтін азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заң жобасы жария талқылануда. Заң жобасы кредиторлар қалпына келтіру және қайта құрылымдау рәсімдерін аяқтаған, бірақ мұндай қарыз алушылардың қызмет көрсетілмейтін борыш деңгейін төмендетуге мүмкіндігі жоқ проблемалық борышкерлерге көмек көрсетуге бағытталған.

Заң жобасының соттан тыс банкроттық талаптары бөлігіндегі жекелеген ережелерін түсіндіру мақсатында төмендегіні хабарлаймыз.

Бірінші. Заң жобасының 1-бабына сәйкес борышкер ақшалай міндеттемелерін және өзге де ақшалай сипаттағы талаптарды орындауға қабілетсіз болатын азаматтардың берешегі соттан тыс банкроттық болып танылады. Яғни заң жобасы жеке тұлғалардың банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша міндеттемелерімен шектелмейді.

Екінші. Берешегі бар борышкерлер соттан тыс банкроттық процесінен өте алады:

  • 12 айдан астам төлем мерзімі өткен 100 АЕК-ке дейінгі (306 мың теңгеге дейін);
  • 6 айдан астам төлем мерзімі өткен 100-ден (306 мың теңгеден бастап) 1 600 АЕК-ке дейінгі (4 901 мың теңгеге дейін).

Осылайша, қарыз немесе микрокредит бойынша тиісінше 6 және 12 айдан астам төлем мерзімін өткізген, 0-ден 4 901 мың теңгеге дейінгі берешек сомасы бар қарыз алушылар сотқа жүгіну қажеттілігінсіз жеңілдетілген соттан тыс банкроттық рәсімін пайдалана алады.

Аталған борышкерлерге қатысты соттан тыс банкроттық рәсіміне сәйкес келу үшін 2 шарт көзделген:

  • олар бойынша борышкерлерде кіріс пен мүліктің болмауына байланысты атқарушылық құжатты қайтару жүргізілді

немесе

  • қарыз немесе микрокредит бойынша мерзімі өткен берешек 5 жылдан астам уақыт ішінде орындалмаған.

Осылайша қайтарылған атқарушылық құжаттың бар-жоғына қарамастан, егер қарыз немесе микрокредит бойынша төлем мерзімін өткізу мерзімі 5 жылдан асса, азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімін пайдалана алады. Бұл норма талап қою мерзімі өткен, мерзімі өткен қарыздары бар қарыз алушылардың борыш жүктемесін төмендету мақсатында көзделген.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 727 237 1090, press@finreg.kz