Қаржы нарығында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібінің өзгеруі туралы

Қаржы нарығында мемлекеттік қызметтерді көрсету  тәртібінің өзгеруі туралы

ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) нормаларымен мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары қабылдаған шешімдермен келіспеген жағдайда мемлекеттік орган мен жеке, заңды тұлғалар арасындағы дауларды шешудің жаңа тәртібі айқындалды. 

ӘРПК нормаларына сәйкес келтіру мақсатында 2022 жылғы 14 ақпанда Агенттік Басқармасы мемлекеттік қызметтерді көрсету және қаржы нарығындағы басшы қызметкерлерді келісу тәртібін регламенттейтін қаулы қабылдады. Атап айтқанда, өтініш берушіге уәкілетті органның лауазымды тұлғасының мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі шығар алдында оны даулау мүмкіндігі беріледі.

Бұдан басқа мемлекеттік органдардың азаматтар мен заңды тұлғалардан келіп түскен өтінішті қабылдау, қарау және ол бойынша шешім шығару рәсімдері, сондай-ақ оған шағымдану тәртібі айқындалады.

Сонымен қоса сақтандыру брокерлері лицензиясын ерікті түрде қайтарған жағдайда оның қолданысын тоқтату рәсімдері нақтылануда. Атап айтқанда, сақтандыру брокерінің өзінде брокерлік қызметті жүзеге асыру жөніндегі қолданыстағы шарттар мен міндеттемелердің жоқ екенін растайтын құжаттарды ұсыну міндеті көзделеді.

Бұған дейін жоба жария талқылауға шығарылды, өзгерту  мен толықтыру бойынша түсініктемелер келіп түскен жоқ.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237-10-90, press@finreg.kz