
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 22 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 14 банк шет елдің қатысуымен, оның ішінде 11 еншілес банк. Банк секторының жиынтық активтері 2021 жылы негізінен клиенттерге қойылатын талаптардың 34,1%-ға өсуі есебінен 20,7%-ға ұлғайып, 37,6 трлн теңге болды (2021 жылғы желтоқсандағы өсім – 2,5%).
Екінші деңгейдегі банктердің шамамен 11,69 трлн теңгені немесе активтердің 31,1%-ын құрайтын жоғары өтімді активтерінің елеулі қоры бар. Еркін өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Банк секторының міндеттемелері 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2021 жылы негізінен клиенттер салымдарының 20,7%-ға өсуі есебінен 21,6%-ға ұлғайып (2021 жылғы желтоқсандағы өсім – 2,9%), 33,1 трлн теңгені құрады.
Банк секторы міндеттемелерінің құрылымы негізінен банктердің жиынтық міндеттемелерінің 78,6%-ын немесе 26,0 трлн теңгені құрайтын депозиттік портфельмен ұсынылған.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банк секторының жеткілікті капитал қоры бар. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) – 19,3%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 23,4%, бұл жүйе бойынша орташа алғанда заңнамада белгіленген нормативтерден айтарлықтай асып түседі.
2021 жылдың қорытындысы бойынша банктердің таза пайдасы
1,3 трлн теңгені құрады, бұл 2020 жылғы таза пайдадан 77,9%-ға жоғары. 2021 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша банктердің таза пайдасы 130,2 млрд теңгеге немесе 11,2%-ға ұлғайды.
Банктер активтерінің рентабельділігі (ROA) 2022 жылғы
1 қаңтардағы жағдай бойынша 3,8%-ды құрады (2021 жылғы
1 қаңтарда – 2,5%), капиталдың рентабельділігі ROE) – 30,6%-ды құрады (2021 жылғы 1 қаңтарда – 19,31%).
Экономикаға кредиттер 2021 жылы 26,5%-ға ұлғайды және
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 18,5 трлн теңгені құрады (2021 жылғы желтоқсанда 3,7%-ға өсті).
2021 жылы ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 16,6 трлн теңгеге дейін 30,3%-ға ұлғайды, (2021 жылғы желтоқсанда 3,8%-ға өсті), шетел валютасындағы кредиттердің көлемі 1,9 трлн теңгеге дейін 0,7%-ға ұлғайды (2021 жылғы желтоқсанда 2,6%-ға өсті). Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 89,7%-ды құрады (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%).
2021 жылы 21,5 трлн теңгеге жаңа кредит берілді, бұл
2020 жылмен салыстырғанда 46,8%-ға көп (2021 жылғы желтоқсанда – 2,5 трлн теңге, бір айда 11,7%-ға өсті).
2021 жыл заңды тұлғаларға берілген кредиттер 7,8 трлн теңгеге дейін 9,3%-ға ұлғайды (2021 жылғы желтоқсанда 3,5%-ға өсті).
2021 жылы заңды тұлғаларға 11,1 трлн теңге сомада жаңа қарыздар берілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға көп
(2021 жылғы желтоқсанда – 1,3 трлн теңге, бір айда 19,0%-ға өсті).
2021 жылы жеке тұлғаларға берілген кредиттер 10,7 трлн теңгеге дейін 42,7%-ға ұлғайды (желтоқсанда 3,8%-ға өсті).
Жеке тұлғаларға ұлттық валютадағы кредиттер 2021 жылы 43,2% - ға 10,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (желтоқсанда 3,9%-ға өсу), шетел валютасындағы кредиттер 49,8%-ға 19,6 млрд теңгеге дейін төмендеді (желтоқсанда 0,9%-ға төмендеу).
Жеңілдікті мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын жалғастыру, сондай-ақ азаматтардың зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану тетігін іске асыру нәтижесінде ипотекалық қарыздар көлемі 2021 жылдың қорытындысы бойынша 34,3%-дық деңгейде қалыптасқан 2020 жылғы көрсеткіштен асып, 40%- ға 3,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2021 жылғы желтоқсанда 2,4%-ға өсті).
Тұтынушылық кредиттер 2021 жыл ішінде 40%-ға 6,1 трлн теңгеге дейін өсті, бұл 2020 жылғы 4,3%-ға тең болған осы көрсеткіштен айтарлықтай басым түседі (2021 жылғы желтоқсанда 2,5%-ға өсті).
Экономикаға кредиттер құрылымында 2021 жылы заңды тұлғалар қарыздарының үлесі жеке тұлғалардың ипотекалық, тұтынушылық және өзге де қарыздарының неғұрлым жылдам өсу қарқынының салдарынан 48,5%-дан 41,9%-ға дейін төмендеді. Жеке тұлғалардың ипотекалық кредиттерінің үлесі 16,2%-дан 18%- ға дейін ұлғайды, жеке тұлғалардың тұтынушылық және өзге де қарыздарының үлесі 35,2%-дан 40,1%-ға дейін өсті.
2021 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,2%-ды (2020 жылғы желтоқсанда – 11,4%), жеке тұлғаларға – 17,5%-ды (2020 жылғы желтоқсанда – 14,9%) құрады.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі 2021 жылдың басындағы 6,9%-дан немесе 1 082,1 млрд теңгеден төмендеп, кредиттік портфельдің жалпы көлемінің 3,3%-ын немесе 668,8 млрд теңгені құрады.
ШОБ есепке алғанда, заңды тұлғалардың портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі 3,4% немесе 316,2 млрд теңгені құрады (2021 жылғы 1 қаңтарда - 8,6% немесе 695,7 млрд теңге). Жеке тұлғалардың портфелінде – 3,5% немесе 352,6 млрд теңге (2021 жылғы 1 қаңтарда – 5,4% немесе 386,4 млрд теңге).
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен жабу деңгейі 73,9%-ды құрады.
Npl90+ қарыздары көлемінің төмендеуі, басқалармен қатар, банктердің проблемалық кредиттердің бір бөлігін баланстан тыс шығару бойынша жүргізіп жатқан жұмысына байланысты. Бұл банктер активтерінің сапасын бағалау (AQR) нәтижелері бойынша проблемалық кредиттер бойынша банктердің провизиялар қалыптастыруына қойылатын талаптарды күшейтуге байланысты.
2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша заңды тұлғалардың есептен шығарылған проблемалық берешектерінің қалдығы 3,7 трлн теңгені құрады, бұл ретте баланстық проблемалық қарыздарды ескере отырып, жұмыс істемейтін қарыздардың жиынтық көлемі - 4,1 трлн теңге.
Банктер баланстан тыс шоттарға есептен шығарған жеке тұлғалардың проблемалық берешегінің жалпы көлемі 573 млрд теңгені құрады. Осылайша, баланстық және баланстан тыс қарыздарды ескере отырып, жеке тұлғалардың жұмыс істемейтін кредиттерінің жиынтық көлемі 994,8 млрд теңгені құрады.
Жалпы алғанда, 2021 жылғы серпінмен баланстық және баланстан тыс есептен шығарылған проблемалық қарыздардың жиынтық көлемі бойынша заңды және жеке тұлғалар бойынша 17,0%-ға қысқару атап өтіледі.
Баспасөз қызметі
+7 (727) 237-10-90, press@finreg.kz