«Capital Bank Kazakhstan» АҚ тарату комиссиясының төрағасы лауазымына кандидаттарды іріктеу

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ тарату комиссиясының төрағасы лауазымына кандидаттарды іріктеу

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан – Агенттік) Алматы қаласындағы «Capital Bank Kazakhstan» АҚ тарату комиссиясының төрағасы лауазымына кандидаттарды іріктеу іс-шараларын өткізуде. 

Кандидаттардың жоғары экономикалық немесе заңгерлік білімі немесе бухгалтерлік есеп пен аудит саласында жоғары білімі болуы, қаржы ұйымдары мен заңды тұлғаларды тарату тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі керек.

Кандидаттарға қойылатын талаптар мен олар ұсынатын құжаттар тізбесі Агенттіктің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 қаулысымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларында және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарда белгіленген.

Құжаттармен қоса банктің тарату комиссиясының төрағасы және/немесе мүшесі етіп тағайындау туралы өтінішті Агенттікке 2021 жылғы 1 ақпанға дейін Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй мекенжайына ұсыну қажет.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (727) 237 11 11 (6604) телефонына хабарласыңыздар