
Әрбір отбасында дерлік өз көлігі бар екендігі – бүгінгі күннің шындығы. Бұл енді сән-салтанат емес, өмірлік қажеттілік. Бұл ретте әрбір көлік иесі автомобильдің тек қана ыңғайлы қозғалыс құралы ғана емес, сонымен қатар басқара отырып, өзіне де, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына зиян келтіруі мүмкін ықтимал қауіпті объект екенін есте сақтауға міндетті.
Өкінішке орай, жол-көлік оқиғалары біздің жолдарда жиі кездеседі. Егер кінәлі тұлға ЖКО үшін өзінің жауапкершілігін білетін және мойындайтын болса, онда сақтандыру төлемін алу қиын болмайды. Тек барлық ресми рәсімдерді сақтау керек. Алайда, өкінішке орай, кінәлі жазадан қорқып, ЖКО орнынан кетіп қалатын жағдайлар да бар. Бұл жағдайда зардап шеккен тарапқа не істеу керек?
Қазақстанда 2003 жылдан бастап Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жұмыс істейтінін көпшілік біледі. Бұл акционерлері сақтандыру ұйымдары болып табылатын коммерциялық емес ұйым. Қор сақтандыру ұйымдарын тарату кезінде сақтанушыларға кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша, оның ішінде міндетті автосақтандыру (КҚИ АҚЖМС) жататын сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кепілдігін қамтамасыз етеді. Бірақ Қордың функциялары мұнымен шектелмейді.
ЖКО-ға кінәлі адам белгісіз болған және оқиға орнынан қашып кеткен жағдайда, Қор жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Бұл мақсаттарға сақтандыру ұйымдарының міндетті жарналарының есебінен қалыптастырылатын арнайы резерв бар.
Қор зардап шеккеннің денсаулығына ауыр зиян келтірілген жағдайда ғана денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Өкінішке орай, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Қордан мұндай төлемдерді алуға Қазақстан азаматтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқығы бар.
Мұндай төлемдердің мөлшері жәбірленуші қайтыс болған жағдайда – 1000 АЕК, ал денсаулыққа ауыр зиян келтірілген жағдайда – 500 АЕК құрайды.
Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда зиянды өтеу төлемін алу құқығы заң бойынша осындай құқығы бар адамдарға, яғни қайтыс болған адамның мұрагерлеріне ауысады.
Жәбірленушіні жерлеуді жүргізген адамға қор жерлеуге жұмсалған нақты шығыстарды өтейді (100 АЕК).
Қорға мұндай төлемдерді алу бойынша талапты сақтандыру жағдайы басталған күннен бастап бір жыл ішінде қоюға болады.
Қордың кеңсесіне мынадай байланыстар бойынша хабарласуға болады: телефон: (727) 393 25 70, 248 06 31, 339 31 88; электрондық пошта: ipgf@ipgf.kz; ресми сайты: https://ipgf.kz/; мекенжайы: Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі 28/7, «Бай-Тал» ТК.
Агенттіктің сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 237-10-90, email: press@finreg.kz