2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының жай-күйі туралы

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының жай-күйі туралы

01.12.2021 жылғы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 144 эмитенттің 158 акциясы болды, олардың 3 шығарылымы листингтік емес бағалы қағаздар секторында айналысқа жіберілген. 2021 жылғы қараша айында KASE индексі мұнай баға белгілеулерінің төмендеуі және жаһандық инфляцияның өсуі есебінен 3 684,07 тармаққа дейін 1,8%-ға төмендеді. Өсу 2021 жылдың басынан бері 37,7%-ды құрады.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізген талдау негізінде 01.12.2021ж. жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 2021 жылғы қарашада 8,4%-ға төмендей отырып, 30,1 трлн теңгені құрады. Осы көрсеткіштің өсуі 2021 жылдың басынан бері 11 трлн теңгені немесе 72,7%-ды құрады.

2021 жылғы қарашада акциялармен сауда-саттық көлемі ағымдағы жылғы қазандағы акциялармен сауда-саттық көлеміне қатысты 5,6 млрд теңгеге немесе 57%-ға ұлғайып, 15,5 млрд теңгені құрады.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі есепті кезеде 11 эмитенттің 12 облигациялары шығарылымын орналастырылуына байланысты 2021 жылғы қарашада 6,4%-ға немесе 919,2 млрд теңгеге ұлғайып, 15,3 трлн теңгені құрады (2021 жылдың басынан бері 4,2%-ға ұлғаю).

2021 жылғы қараша айында KASE сауда-саттық тізімдерінде облигациялар нарығында 79 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 319 шығарылымы болды. KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 2021 жылғы қазан айымен салыстырғанда 33,4%-ға (немесе 81,2 млрд теңгеге) азайып, алдыңғы есепті аймен салыстырғанда бастапқы нарықтағы мәмілелер үлесінің төмендеуі есебінен 162,4 млрд теңгені құрады.

2021 жылғы қарашада жалпы сомасы 106,4 млрд теңгеге облигациялардың 12 шығарылымы орналастырылды, оның 75%-ы қаржы секторының компанияларына тиесілі. Инвесторлардың негізгі санаттары бойынша корпоративтік облигациялардың қайталама нарығында банктердің үлесі 0,9%-ды, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі 6,6%-ды, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі 12,5%-ды, өзге заңды тұлғалардың үлесі 62,8%-ды, жеке тұлғалардың үлесі 3,2%-ды құрады. Бейрезиденттердің үлесі 9,7%-ды құрады.

KASE-де сауда-саттыққа түсетін номинал бойынша мемлекеттік борыш сомасы 01.11.2021ж. жағдай бойынша көрсеткішке қарағанда 176,7 млрд теңгеге немесе 1%-ға ұлғайып, 01.12.2021 ж. жағдай бойынша 18,3 трлн теңгені құрады.

KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың  жиынтық көлемі 2021 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша 2021 жылдың қазанымен салыстырғанда 2,3 есеге немесе 344,3 млрд теңгеге артып, 618,2 млрд теңгені құрады.

2021 жылғы қарашада мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 537,9 млрд теңгені құрады, оның 77%-ы немесе 414,3 млрд теңгесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық міндеттемелерін орналастыруға тиесілі.

Қайталама нарықтағы инвесторлар құрылымында банктердің үлесіне 42,6%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 4,6%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 20,8%, өзге заңды тұлғалардың үлесі – 31,5%, жеке тұлғалардың үлесі – 0,5% құрады.  Бейрезиденттердің қатысуы 20,1 %-ға бағаланады.

Ұжымдық инвестициялар нарығында 38 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 22 аралық, 15 жабық және 1 ашық. 2021 жылғы қараша айында 1 жабық инвестициялық пай қоры ашылды.

Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтердің жиынтық көлемі 01.12.2021 жылға 481,1 млрд теңгені құрады және өткен аймен салыстырғанда 10,2 млрд теңгеге немесе 2,2%-ға (жыл басынан бері өсім 247,1 млрд теңгеге немесе 105,6%-ға) ұлғайды. Бұл өсім, ең алдымен, инвестициялық қорлардың пайларын орналастыру арқылы инвесторлардың тартылған активтері есебінен болды. Инвестициялық пай қорларының негізгі активі бағалы қағаздар портфелі болып табылады, ол 424 млрд теңгені немесе жиынтық активтердің 88,1%-ын құрайды, бұл ретте портфельдің 98,7%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады. Бұл факт басқарушы компаниялардың шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздарға инвестиция салуға мүдделілігін көрсетеді.

01.12.2021 жылғы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында 37 брокер және дилер (16 банк және 21 банктік емес ұйым), 9 кастодиан банк, 19 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын KASE және «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ сияқты 2 инфрақұрылымдық ұйым жұмыс істейді. Сонымен қатар, KASE базасында орталық контрагент жұмыс істейді.

01.12.2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялар саны «ЕвроЦентрАстана» АҚ-қа номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беруге байланысты 71-ге дейін өсті.

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/249266?lang=kk

 

Баспасөз қызметі

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz