Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2021 жылғы қарашадағы жұмыс қорытындысы туралы

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2021 жылғы қарашадағы  жұмыс қорытындысы туралы

2021 жылғы қарашада ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі қызметі негізінен қарыз алушылардың борыш жүктемесін, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде азайту үшін жәрдем көрсету және шаралар қабылдау туралы олардың өтініштерін қараумен байланысты болды.

Есепті айда Агенттік қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – МҚҚЖҰ), сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 2 147 өтінішін қарады, бұл өткен есепті кезеңмен салыстырғанда 26,5%-ға немесе 569 өтінішке көп.

Өтініштердің ең көп үлесі банк секторына (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға) келіп түсті, ол өтініштердің жалпы санының 78%-ын құрады. Атап айтқанда, азаматтар қаралған өтініштердің жалпы санының микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі бойынша 10,4%, сақтандыру нарығы субъектілерінің қызметі бойынша 2%, коллекторлық агенттіктердің қызметі бойынша 4%, сондай-ақ өзге де ұйымдардың қызметі бойынша 5,6% жүгінді.

Агенттік ағымдағы жылғы қарашада екінші деңгейдегі банктердің, коллекторлық агенттіктердің және МҚҚЖҰ-ның әрекеттерінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтап, 6,27 млн теңге жалпы сомаға 1 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасын, 4 жазбаша ұйғарым және 15 әкімшілік жаза қолданды. Атап айтқанда:

1) ЕДБ-ға қатысты 2,01 млн теңге жалпы сомаға 1 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасын, 4 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша 3 әкімшілік жаза;

2) сақтандыру ұйымдарына қатысты 875,1 мың теңге жалпы сомаға 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша 3 әкімшілік жаза;

3) коллекторлық агенттіктерге қатысты 3,38 млн теңге жалпы сомаға 2 жазбаша ұйғарым, 17 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша 9 әкімшілік жаза қолданылды.

4) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты 2 жазбаша ұйғарым.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру барысына келетін болсақ, 2004 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтап қалуға бағытталған оның бірінші бөлігі шеңберінде банктер 01.12.2021 жылға 191,7 млрд теңге сомаға қайта қаржыландыруға 29 808 өтінімді мақұлдады, сондай-ақ ипотекалық қарыз алушылардың 180,6 млрд теңге сомаға 28 775 қарыз, оның ішінде 2020 жылдан бастап 22 млрд теңге сомаға 2 125 қарыз қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 2020 жылғы желтоқсанда 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауды аяқтады. Бағдарламаның бірінші және екінші бөліктерін іске асыру кезеңінде банктер 222,6 млрд теңге сомаға 27 202 валюталық ипотекалық қарызды айырбастады.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша қарыздары Бағдарлама шеңберінде бұрын қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыз алушыларға қарыз алушының берешегін азайту және өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу түріндегі қосымша көмек көрсету, сондай-ақ банк балансындағы жалғыз баспанасын қарыз алушының меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазіргі уақытта 7,4 мың қарыз алушыға 44,6 млрд теңге сомаға қосымша көмек көрсетілді.

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/249266?lang=kk

 

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша call-орталыққа төмендегі нөмір бойынша хабарласыңыз: +7 (727) 237 1000  

Жұмыс кестесі дүйсенбі-жұма күндері сағат  9.00-ден 17.00-ге дейін

 

Баспасөз қызметі

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz