Тимур Әбілқасымовтың “Тәуекел жағдайындағы өсу” атты экономикалық зерттеуі жөнінде берген сұхбаты

Тимур Әбілқасымовтың “Тәуекел жағдайындағы өсу” атты экономикалық зерттеуі жөнінде берген сұхбаты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жақында «ТӘУЕКЕЛ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨСУ: Макроқаржылық жағдайлардың Қазақстан экономикасының өсуіне әсері» деген атаумен экономикалық зерттеу жариялады.

Бірлескен авторлық жобаны әзірлеуде Агенттік қызметкерлері Тимур Әбілқасымов, Шыңғыс Шөнеев, Сандуғаш Жуатова жұмыс істеді. Зерттеу мамандар мен нарықтағы сарапшылар тарапынан қызығушылық тудырды.  Толығырақ түсініктеме беру үшін Агенттік Төрағасының көмекшісі Тимур Әбілқасымовпен сөйлескен едік.

Тимур, осындай экономикалық зерттеу жүргізу идеясы қайдан пайда болды?

Биыл жазда Агенттік екінші деңгейдегі банктерді қадағалап стресс-тестілеу сценарийлерінің нарративін әзірлеген кезде экономиканың қолайсыз дамуының алғышарттарын айқындайтын құрал жасау қажеттілігі пайда болды. Талдаушылардың алдына қойылған міндеттердің бірі күйзелістердің экономиканың өсуіне әсерін бағалауға мүмкіндік беретін моделін жасау болды. Бұдан басқа коронавирус пандемиясының және белгісіздіктің жалғасуы мұндай құралдың тәуекел жағдайында экономиканың өсу перспективаларын талдау үшін айтарлықтай қажет екенін көрсетті.  

Халықаралық практиканы зерделей келе, біз бірқатар елдер үшін Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) әзірлеген Growth at Risk (GaR) моделіне тоқтаймыз деп шештік. Одан басқа GaR нәтижелері ХВҚ-ның жаһандық қаржылық тұрақтылық туралы баяндамасында пайдаланылады.

Басқаша айтқанда, бұл құрал экономиканың ағымдағы жағдайын және болашақтағы өсуге әсер ететін факторларды неғұрлым терең түсінуге мүмкіндік береді.

Неге ХВҚ-ның әдіснамасын негізге алдыңыздар, оның осындай әдіснамалардан айырмашылығы неде?

Стандартты нақтылы болжамдарға қарағанда GaR құралының негізгі артықшылығы ІЖӨ-нің болашақтағы өсуін түрлі уақыт аралығына бөлуді бағалай алуында болып табылады. Мысалы, пайыздық мөлшерлемелер өскен немесе экономиканы кредиттеу көлемі азайған жағдайда, «қаржылық жағдайлар» индекстері қалай өзгеретінін және осы өзгерістер ІЖӨ-нің бір жылдан немесе екі жылдан кейін шартты түрде өсуіне әсер ете алатынын бағалай аламыз. Демек, ХВҚ-ның әдіснамасы құралды дайындау кезіндегі біздің мақсаттарымызға сәйкес келетін барлық қажетті аспектілерден тұрды.

Жүргізілген талдау барысында сіз қандай нәтижелерге қол жеткіздіңіздер?

 GaR моделін жасау кезінде экономикадағы әр түрлі өзгерістерді көрсететін 19 көрсеткіш іріктеп алынды және төрт индекске топтастырылды. Мысалы, «ішкі қаржылық жағдайлар» индексі 2008-2009 жылдар және 2015-2016 жылдар аралығындағы кезеңдерде талаптардың қатаңдатылғанын көрсетті. Яғни, осы кезеңдерде халық пен бизнеске кредит алу қиынға соқты, ал экономиканың өсуі бәсеңдеді.

Сонымен қатар, біз мұнай бағасының төмендеуі 1-2 жыл ішінде экономиканың өсуіне қалай әсер ететінін бағаладық. GaR нәтижелері көрсеткендей, мұнай құнының 10% төмендеуі бір жыл ішінде экономикалық құлдырау ықтималдығын 1 пайыздық тармаққа арттыруы мүмкін, ал екі жыл ішінде ықтималдық 6 пайыздық тармаққа артады.

Қазіргі уақытта модель біздің елімізде қысқа мерзімді перспективада экономиканың өсуіне қолдау көрсететін жеңіл қаржылық жағдайларды көрсетеді. Алайда, қолайлы кезеңде экономиканы ұзақ мерзімді ынталандырудың жүйелік тәуекелдердің немесе дағдарыстардың ықтималдығын арттыратынын есте ұстау керек. Осылайша, егер экономика салыстырмалы түрде жоғары қарқынмен өссе, оны қосымша ынталандырудың қажеті жоқ. Алынған нәтижелерге сәйкес, мемлекеттік бағдарламаларды қысқарту дұрыс және негізделген шешім болып табылады деп есептейміз.

Зерттеу нәтижелерін қайда қолдануға болады?

 GaR-дің мол мүмкіндіктерін ескере отырып, модельді қадағалап стресс-тестілеу мақсатында да, макросаясат бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін де қолдануға болады. Қазіргі уақытта біз әріптестерімізбен бірге модельді реттеуші мақсаттар үшін пайдалану аясын кеңейтуді, сондай-ақ нәтижелерді мерзімді негізде жариялауды жоспарлап отырмыз. Біз GaR моделінің нәтижелері бойынша есептерді нарықтың кәсіби қатысушылары талап етеді және оларға әлеуетті тәуекелдерге жақсы дайындалуға және алдын алу шараларын қабылдауға көмектеседі деп үміттенеміз.

 

Баспасөз қызметі

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz