«Kompetenz» сақтандыру компаниясы» АҚ қызметін тоқтатылуының мемлекеттік тіркеуі туралы

«Kompetenz» сақтандыру компаниясы» АҚ қызметін тоқтатылуының мемлекеттік тіркеуі туралы

15.12.2021 жылдан бастап «Kompetenz» сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Сақтандыру компаниясы) мәжбүрлеп тарату рәсімі аяқталды. Көрсетілген күннен бастап Сақтандыру компаниясы өз қызметін тоқтатты деп есептеледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 жылғы №10 қаулысымен Сақтандыру компаниясы 01.02.2019 жылдан бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан айырылды және уақытша әкімшілік тағайындалды.

15.01.2020 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының (бұдан әрі - МАЭС) 17.10.2019 жылғы Сақтандыру компаниясының қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы шешімі заңды күшіне енді.

Агенттіктің 15.01.2020 жылғы №42 бұйрығымен Сақтандыру компаниясының тарату комиссиясы тағайындалды, оған кредиторлармен есеп айырысу жүргізу және Сақтандыру компаниясының істерін аяқтау мақсатында мүлікті басқару жөніндегі өкілеттік жүктелді.

30.06.2021 жылы Агенттік төрағасының орынбасары Сақтандыру компаниясының тарату және тарату балансы туралы есепті бекітті.

Агенттіктің 11.11.2021 жылғы №0000062 С сериялы куәлігімен Сақтандыру компаниясының жарияланған акцияларының шығарылымы 11.11.2021 жылдан бастап жойылды.

02.11.2021 жылы МАЭС-тың 15.07.2021 жылғы Сақтандыру компаниясын тарату және тарату балансы туралы есепті бекіту туралы шешімі заңды күшіне енді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 15.12.2021 жылғы №36326 бұйрығымен Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтерді енгізу арқылы Сақтандыру компаниясының қызметін тоқтатылуының мемлекеттік тіркеуі тіркелді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 50-бабының 10-тармағына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы аяқталды, ал заңды тұлға өз қызметін тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілгеннен кейiн есептеледі.