Сатып алу сомасын есептеуге қатысты НҚА жобасын әзірлеу туралы

Сатып алу сомасын есептеуге қатысты НҚА жобасын әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру және сатып алу сомасын есептеу қағидаларын, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын ретеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі №274 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.

Жоба Агенттікте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша әзірленді.

Жоба сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал етуі мүмкін жағдайларды жояды, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сатып алу сомаларының есебін нақтылайды.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13605188  интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

Толығырақ ақпаратты төмендегі телефон арқылы алуға болады:

+7 (727) 2 619 200

e-mail: press@finreg.kz

www.finreg.kz