Қазақстан микроқаржыландыру нарығының 2021 жылғы 1 қазандағы жай-күйі туралы

Қазақстан микроқаржыландыру нарығының 2021 жылғы 1 қазандағы жай-күйі туралы

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жүргізген талдау негізінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) жиынтық активтері жыл басынан бері 22,4%-ға, 3-тоқсанда 6%-ға ұлғая отырып, 1,5 трлн теңгені құрады.

01.10.2021 ж. жағдай бойынша  МҚҚЖҰ-ның активтері банк секторы жиынтық активтерінің 3,7%-ын құрайды.

Активтердің айтарлықтай көп бөлігі микроқаржы ұйымдарына тиесілі – 714,7 млрд теңге немесе 47,6%, кредиттік серіктестіктер – 579,5 млрд теңге немесе 38,6%, ломбардтар – 206,6 млрд теңге немесе 13,8%.

Микроқаржы секторының жиынтық активтерінде неғұрлым үлкен үлес берілген микрокредиттерге (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде) тиесілі – 85,7%, барлығы 1,29 трлн теңге, 2021 жылдың басынан бері 23,9%-ға ұлғайған. Бұл ретте, ломбардтар мен онлайн-кредиторлардың активтерінде несие портфелі құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде тиісінше 68,2%-ды және 76,5%-ды құрайды.

МҚҚЖҰ жиынтық міндеттемелері 2021 жылғы 3-тоқсанда 6,2%-ға, жыл басынан бері 23,6%-ға ұлғая отырып, 942,9 млрд теңге болды. Жиынтық міндеттемелердің негізгі үлесін – 82,6%-ды немесе 779,1 млрд теңгені алған қарыздар құрайды. Есепті күнге МҚҰ-ның жиынтық міндеттемелері 490,4 млрд теңгені немесе бүкіл сектордың 52%-ын құрады, ал кредиттік серіктестіктер мен ломбардтардың жиынтық міндеттемелері тиісінше 365,9 млрд теңгені және 86,6 млрд теңгені құрады.

Микроқаржы секторының жиынтық меншікті капиталы 557,8 млрд теңгені құрады және негізінен жарғылық капитал мен бөлінбеген пайдадан қалыптасты. 2021 жылғы 3-тоқсанда МҚҚЖҰ меншікті капиталының 5,8%-ға немесе 30,4 млрд теңгеге, жыл басынан бері 20%-ға өсуі байқалды.

МҚҚЖҰ-ның жиынтық несие портфелі тоқсан ішінде 95,8 млрд теңгеге немесе 7,8%-ға, жыл басынан бері 27,8%-ға ұлғайып, 1,32 трлн теңгені құрады. Айтарлықтай ұлғаю сектордың барлық сегменттерінде жеке тұлғаларға берілген қарыздардың өсуімен байланысты. Жеке тұлғалар бұл ретте МҚҚЖҰ-ның негізгі клиенттік базасы болып табылады. Оларға берілген кредиттер көлемі 938,9 млрд теңгені немесе барлық несие портфелінің 71,3%-ын құрады, ал заңды тұлғаларға – 378,7 млрд теңге немесе 28,7%.

01.10.2021 ж. жағдай бойынша жиынтық портфельден мерзімі өткен және жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі тиісінше 10,4%-ды және 4,1%-ды құрады.

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/239547?lang=kk

 

Баспасөз қызметі

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz