
2021 жылғы қазанда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі қызметі негізінен қарыз алушылардың борыш жүктемесін, оның ішінде Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде азайту үшін жәрдем көрсету және шаралар қабылдау туралы олардың өтініштерін қараумен байланысты болды.
Есепті айда Агенттік қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – МҚҚЖҰ), сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 1 578 өтінішін қарады, бұл өткен есепті кезеңмен салыстырғанда 14%-ға немесе 268 өтінішке көп.
Өтініштердің ең көп үлесі банк секторына (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар) келіп түсті, ол өтініштердің жалпы санының 58%-ын құрады. Атап айтқанда, азаматтар қаралған өтініштердің жалпы санының микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі бойынша 9%, сақтандыру нарығы субъектілерінің қызметі бойынша 3%, коллекторлық агенттіктердің қызметі бойынша 4%, сондай-ақ өзге де ұйымдардың қызметі бойынша 23% жүгінді.
Агенттік ағымдағы жылғы тамызда екінші деңгейдегі банктердің, коллекторлық агенттіктердің және МҚҚЖҰ-ның әрекеттерінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтап, 1,77 млн теңге жалпы сомаға 3 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасын, 2 жазбаша ұйғарым және 11 әкімшілік жаза қолданды. Атап айтқанда:
1) ЕДБ-ға қатысты 583,4 мың теңге жалпы сомаға 3 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы, 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша 3 әкімшілік жаза;
2) коллекторлық агенттіктерге қатысты 583,4 мың теңге жалпы сомаға 2 жазбаша ұйғарым, 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша 3 әкімшілік жаза.
3) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға қатысты 437,6 мың теңге сомаға 1 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша 1 әкімшілік жаза қолданды.
Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру барысына келетін болсақ, 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыздар алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтап қалуға бағытталған оның бірінші бөлігі шеңберінде банктер 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 190,6 млрд теңге сомаға қайта қаржыландыруға 29 679 өтінімді мақұлдады, 179,4 млрд теңге сомаға 28 765 қарыз қайта қаржыландырылды, оның ішінде 2020 жылдан бастап 21 млрд теңге сомаға 1 2115 қарыз қайта қаржыландырылды.
Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 2020 жылғы желтоқсанда 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауды аяқтады. Бағдарламаның бірінші және екінші бөліктерін іске асыру кезеңінде банктер 222,6 млрд теңге сомаға 27 202 валюталық ипотекалық қарызды айырбастады.
Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер ХӘОТ санаты бойынша қарыздары Бағдарлама шеңберінде бұрын қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыз алушыларға қарыз алушының берешегін азайту және өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу түрінде қосымша көмек көрсету, сондай-ақ банк балансындағы жалғыз баспанасын қарыз алушының меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізуде. 32 млрд теңге сомаға 5,5 мың қарыз алушыға қосымша көмек көрсетілді.
«Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 81 қаулысымен ипотекалық қарыз алушыларға қосымша қаржылай көмек көрсету мерзімі 2021 жылғы 1 қарашаға дейін ұзартылды.
Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыруды 18 банк және 3 ипотекалық ұйым жүзеге асыратынын еске саламыз.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/239547?lang=kk
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша call-орталыққа төмендегі нөмір бойынша хабарласыңыз: +7 (727) 237 1000
Жұмыс кестесі дүйсенбі-жұма күндері
сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін
Баспасөз қызметі
+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz