
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы М. Әбілқасымова Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру жөніндегі міндеттер аясында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды онлайн қабылдады.
Кездесуде кепілді кредиттік қарыздарды қайта қаржыландыруға, Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына қатысуға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының (ХӘОТ) өкілдері үшін қарыздарды қайта құрылымдауға қатысты мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, қаржы реттеушісінің басшысына Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының азаматтары көмек алу және өз проблемаларын шешу үшін жүгінді. М. Әбілқасымова бір де бір өтініш назардан тыс қалмайтынын, азаматтар көтерген барлық мәселелер жеке бақылауға алынатынын және заңнама нормалары мен белгіленген мерзімдерді сақтай отырып орындалатынын атап өтті.
Ағымдағы жылдың басынан бері Агенттікке азаматтардан 15 мыңға жуық өтініш келіп түсті, барлық өтініштердің 66%-ы банк секторына тиесілі. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өтініштер 9%-ды, сақтандыру нарығы субъектілері және коллекторлық агенттіктер қызметінің мәселелері бойынша өтініштер 6%-ды құрайды. Қаралған өтініштердің жалпы санының 19%-ы өзге ұйымдарға тиесілі.
2021 жылғы 10 айда Агенттік азаматтардың өтініштері негізінде қаржы ұйымдарына 15 мыңға жуық құжаттамалық тексеру жүргізді. Қаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктерге қатысты расталған бұзушылықтардың нәтижесінде жалпы сомасы 25 млн теңгеге 92 әртүрлі қадағалап ден қою шаралары, 54 жазбаша ұйғарым, 87 әкімшілік жаза қолданылды.
Қаржылық қызметтер көрсету мәселелері бойынша консультациялар беру және құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ проблемалық қарыздар бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Агенттік 633 сот отырысына қатысты, оның ішінде шешімдердің 80%-дан астамы қарыз алушылардың пайдасына шығарылды.
Ағымдағы жылы Агенттік 100-ден астам кездесу ұйымдастырды, онда 1 298 азамат қабылданды.
Халықпен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін Агенттікте call-орталық жұмыс істейді. Call-орталық жұмыс істеп тұрған сәттен бастап шамамен
5 186 азамат қоңырау шалды.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сall-орталыққа мына нөмір бойынша өтініш жасауға болады:
+7 (727) 237 1000
Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма күндері, сағат 9.00 - 17.00. аралығында
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 2371089, press@finreg.kz