Сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел

Сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту  мәселелері бойынша дөңгелек үстел

25 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінде Марат Құсайыновтың төрағалық етуімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, «Астана» халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігі» АҚ-тың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-ның өкілдері қатысты. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Заң жобасын әзірлеуші болып табылады .

Агенттік Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева Заң жобасының:

- қор нарығындағы сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың және инвесторлардың құқықтарын қорғау шараларын күшейтуге;

- сақтандыру ұйымдарының және бағалы қағаздар нарығының өнімдер желісін кеңейтуге;

- сақтандырудың кепілдік берілген сыныптарының тізбесін кеңейтуге;

- сақтандыру нарығының және бағалы қағаздар нарығының қызметтерін цифрландыруға;

- қаржы нарығына қатысушыларды реттеуді жетілдіруге;

- қолданыстағы заңнаманы ең үздік халықаралық практикаларға сәйкес келтіруге бағытталған негізгі өзгерістері мен толықтырулары туралы айтып берді.

Дөңгелек үстел барысында депутаттар жаңа әлеуметтік маңызды сақтандыру өнімдері, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі, міндетті автосақтандыруға баға белгілеу, қор нарығындағы бөлшек инвесторлар сегментін жандандыру, Орталық депозитарийді  өңірлік есептік-есеп айырысу хабы етіп қайта құру арқылы бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жетілдіру мәселелерін қозғады.

Талқылауға қатысушылар сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі бойынша пікір алмасты, сондай-ақ Заң жобасын қабылдаудан күтілетін нәтижелерді талқылады.

 

Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:

+7 727 237 1089, e-mail: press@finreg.kz