
Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресі шеңберінде пленарлық отырыстар өтуде, онда қаржы секторының түрлі бағыттарының негізгі үрдістері талқылануда.
Панельдік сессиялардың бірі Қазақстан қор нарығының заманауи үрдістеріне арналған. Оған Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева, бағалы қағаздар орталық депозитарийінің өкілі және инвестициялық компаниялардың басшылары қатысуда. Бұл пікірталасқа Қазақстан қор биржасы KASE Төрағасы Алина Алдамберген модератор болуда.

Мария Хаджиеваның айтуы бойынша, қор нарығында соңғы екі жылдағы басты үрдіс цифрландыру болды, ол биометриялық және серпінді идентификаттау арқылы брокерлік шарттарды қашықтан жасасу мүмкіндігіне серпін берді. Осының нәтижесінде бөлшек инвесторлардың саны 200 мың адамнан асты. Бұл ретте бір жыл ішінде жасалған 73 мың жаңа брокерлік шарттың 76%-ы қашықтан жасалған форматқа тиесілі.
Бөлшек инвесторлар санының өсу әлеуеті айтарлықтай болып қалуда. Қазіргі сәтте 20 брокерлік ұйымның 7 ұйымы ғана қашықтан идентификаттау мүмкіндігін іске қосты. Жекелеген екінші деңгейдегі банктердің бөлшек брокерлік қызмет көрсету нарығына шығуы кезінде бұл үрдістің күшеюі күтіледі.
Қатардағы инвестордың профилінің өзгеруін атап өткен жөн, бұл ретте салынған қаражаттың орташа мөлшері тәуекел-тәбетке теңбе-тең өседі, бұл барынша жоғары инвестициялық кіріс алу ниетіне себепші болды.
Инвестициялаудың ұжымдық нысандары барынша қарқынды дамуда. «2021 жылғы 10 айда пай ұстаушылар санының өсуі 257% болды. Инвестициялық пай қорларының активтері жыл басынан бері 86%-ға ұлғайды және 434 млрд теңге болды», - деп айтып берді Мария Хаджиева.
Осы сегментте қалыптасқан үрдіс соңғы жылдары қабылданған инвестициялық қорлардың қызметін ырықтандыру бойынша реттеуші шаралармен нығайтылды: қор биржасына тәуекелмен инвестициялау қорларының бағалы қағаздарына рұқсат беруге және инвестициялау лимиттеріне шектеулер алып тасталды, биржада инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алуға рұқсат етілді, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі кеңейтілді.
Соңғы екі жылда зейнетақы активтерін бәсекелестік ортаға қайтару бойынша үлкен жұмыс атқарылды. 2021 жылғы ақпаннан бастап салымшылар 4 зейнетақы активтерін басқарушының басқаруына 5,6 млрд теңге берді. Жеке басқарушылар тиімділігінің көрсеткіштерін бағалауды ескере отырып, Агенттік салымшыларды өз жинақтарын жеке инвестициялық басқаруға беруге ынталандыру бойынша қосымша шаралар әзірлейтін болады.
Жеке орналастыруға арналған облигацияларды және инвестициялық облигацияларды шығару мүмкіндігі бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Жасыл, әлеуметтік облигацияларды және орнықты даму облигацияларын шығару мүмкіндігі іске асырылды.
«Ішкі нарыққа 2020-2021 жылдары жергілікті эмитенттер, сол сияқты халықаралық қаржы ұйымдары жасыл және әлеуметтік бондтарды орналастыру аясында 55 млрд теңгеден астам қаржы тартты», - деп Мария Хаджиева статистикамен бөлісті.
Қазіргі уақытта қор нарығы арқылы қаржыландыруды тартуды мемлекеттік қолдау шаралары ретінде жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау құралы жұмыс істеуде.
Қаржы нарығында алғаш рет реттеу ортасы іске қосылды –кастодиандық және брокерлік қызметті реттеудің ерекше режимі енгізілді. Осы режим шеңберінде кастодиандық қызметтер көрсетудің және мобильді қосымшалар сервистерінде мәмілелер жүргізудің жаңа тәсілдері мен қағидаттары сынақтан өткізіледі.
«Қорытындылай келе, соңғы екі жыл ішінде бірден үш жаңа брокерлік ұйым бағалы қағаздар нарығына шыққанын атап өтемін, бұл қор нарығының әлеуеті және оның одан әрі дамуының оң болжамдары туралы куәландырады»,- деп атап өтті Мария Хаджиева.