«Альянс Полис» сақтандыру компаниясы» АҚ қызметін тоқтатылуының мемлекеттік тіркеуі туралы

«Альянс Полис» сақтандыру компаниясы» АҚ қызметін тоқтатылуының мемлекеттік тіркеуі туралы

02.11.2021 жылдан бастап «Альянс Полис» сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Сақтандыру компаниясы) ерікті түрде тарату рәсімі аяқталды. Көрсетілген күннен бастап Сақтандыру компаниясы өз қызметін тоқтатты деп есептеледі.

Агенттік Басқармасының 27.04.2020 жылғы №52 қаулысымен Сақтандыру компаниясын  ерікті түрде таратуға рұқсат берілді.

Агенттіктің 26.05.2020 жылғы №224 бұйрығымен Сақтандыру компаниясының лицензиясы тоқтатылды.

Сақтандыру компаниясы акционерінің 04.10.2021 жылғы №2021/2 шешімімен Сақтандыру компаниясының тарату балансы бекітілді.

Агенттіктің 13.10.2021 жылғы №0000060 С сериялы куәлігімен Сақтандыру компаниясының  жарияланған акцияларының шығарылымы 13.10.2021 жылдан бастап жойылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 02.11.2021 жылғы №32600 бұйрығымен Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтерді енгізу арқылы Сақтандыру компаниясының қызметін тоқтатылуының мемлекеттік тіркеуі тіркелді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 50-бабының 10-тармағына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы аяқталды, ал заңды тұлға өз қызметін тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілгеннен кейiн есептеледі.