"KASE: Тұлғалы тарих" онлайн-жобасы

"KASE: Тұлғалы тарих" онлайн-жобасы

Қазақстан қор биржасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "KASE: Тұлғалы тарих" онлайн-жобасын шығарды. Он-жобаның бірінші сериясын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) Төрайымы Мәдина Әбілқасымова бастайды.

"Қазіргі кезде жетекші халықаралық практикаға сәйкес келетін және сауда-саттық және пост-трейдингтік қызметтердің толық циклын ұсынуды қамтамасыз ететін толыққанды реттеуші орта және қор нарығының инфрақұрылымы қалыптасты, тікелей және портфельдік инвестицияларды тарту үшін сыртқы капитал нарықтарымен арналар құрылды.

Өткен жылы Қазақстан қор биржасында борыштық бағалы қағаздарды шығару арқылы мемлекет пен квазимемлекеттік компаниялар дағдарысқа қарсы шараларды және экономиканы қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін 6,7 трлн теңге сомасында қаржыландыру тартты", – деп өз естеліктерімен бөлісті ҚНРДА басшысы.

Мәдина Әбілқасымова атап өткендей, KASE орталық контрагентін іске қосу арқылы мәмілелер тараптарының міндеттемелерін орындамау тәуекелін төмендету арқылы жасалатын операциялардың сенімділігі едәуір артты. Оның айтуынша, ұлттық нарыққа қол жетімділікті ашу үшін бағалы қағаздар нарығының шетелдік кәсіби қатысушылары мен инвесторларға Биржаның сауда платформасына қашықтан қол жеткізу жүйелері дамуда.

"Бөлшек және институционалдық инвесторлар үшін 2021 жылдың қаңтарында инвесторлардың биржалық ақпаратқа еркін және неғұрлым құрылымдалған қолжетімділігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ KASE оқу сауда-саттығына қатысуға мүмкіндік беретін "KASE Mobile" мобильді қосымшасы ұсынылды", – деп хабарлады Мәдина Әбілқасымова.

Толық мәтін мына сілтеме бойынша қол жетімді:  https://kase.kz/kz/events/show/2021/istoriya_v_licah_2021/

Жоба аясында оқырмандар назарына қор нарығының қалыптасуы мен Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылуына үлкен үлес қосқан және/немесе одан әрі үлес қосып жатқан адамдардың жеке естеліктері бірқатар сұхбаттар түрінде ұсынылады.