
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) Агенттік Басқармасының «Кастодиандық және брокерлік қызметті реттеудің ерекше режимін енгізу туралы» № 97 қаулысы бекітілді. Осы қаулы шеңберінде енгізілетін реттеудің ерекше режимін іске асыру кезінде тұлғаларды білікті инвесторлар деп танудың, кастодиандық қызметтер көрсетудің және мобильді қосымшалар сервистерінде мәмілелер жүргізудің жаңа тәсілдері мен қағидаттары сынақтан өткізілетін болады.
Қатысушының қызметіне қатысты ерекше реттеу режиміне қатысу үшін мынадай арнайы талаптар қойылады:
кастодиандық қызметке қатысты:
кастодиандық қызмет көрсетуді реттеудің ерекше режимі шеңберінде брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымға қатысты үлестес болып табылатын ұйым жүзеге асырады;
кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталы кемінде екі жүз елу миллиард теңгені құрайды;
қаржылық орнықтылықты арттыру жөніндегі ерте ден қою шараларын көздейтін орындалмаған іс-шаралар жоспарларының болмауы;
кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымның рейтингтік бағасы Standard &Poor's агенттігінің халықаралық шкала бойынша «В»-ден төмен емес немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы;
брокерлік қызметке қатысты:
қаржылық орнықтылықты арттыру жөніндегі ерте ден қою шараларын көздейтін орындалмаған іс-шаралар жоспарларының болмауы.
Осылайша, қаржы нарығында алғаш рет қаржы өнімдерінің және бағалы қағаздар нарығында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған ерекше реттеу режимі енгізіледі. Реттеудің ерекше режимін енгізу қаржылық қызметтер нарығында бәсекелестікті арттыруға, жеке инвесторлардың әлеуетін күшейтуге және оларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететін жаңа технологиялық шешімдерді апробациялауға мүмкіндік береді.
Агенттік Басқармасының «Кастодиандық және брокерлік қызметті реттеудің ерекше режимін енгізу туралы» № 97 қаулысының мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/228874?lang=kk.
Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін іріктеу өлшемшарттарымен және қажетті құжаттар тізбесімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900019773.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7 (727) 237-10-90, email: press@finreg.kz