«Астық сақтандыру компаниясы» АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы

«Астық сақтандыру компаниясы» АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы

Агенттік 2021жылғы 28 қазанда «Астық сақтандыру компаниясы» АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2021жылғы 22 қыркүйектегі шешімі заңды күшіне енгенін хабарлайды.

Агенттіктің 28.10.2021ж. № 342 бұйрығымен Сақтандыру компаниясы тарату комиссиясының Төрағасы және мүшелері тағайындалды.    

Сақтандыру компаниясының тарату өндірісі мәселелері бойынша тікелей мына мекенжайдағы Сақтандыру компаниясының тарату комиссиясына жүгіну керек: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байтұрсынов көшесі, 122/22, № 218 кеңсе, телефон: +7 (777) 388 99 02.

Тарату комиссиясының Төрағасы – Душкина София Эдуардовна.