Стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасын жария талқылау

Стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасын жария талқылау

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Агенттіктің интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

Стрестік активтер нарығын дамытуды және оларды экономикалық айналымға тартуды қиындататын құқықтық кедергілермен байланысты мәселелерді қарау талқылауға ұсынылады. Сонымен бірге бұл мәселелерді шешу жолдары талқыланатын болады.

Заң жобасына ашық НҚА интернет-порталында «Салық және қаржы», «Заң жобасы» НҚА түрлері бөлімінде түсініктеме беруге болады.