Агенттік бағалы қағаздар нарығындағы қызметті оңтайландыру бойынша шаралар қабылдады

Агенттік бағалы қағаздар нарығындағы қызметті оңтайландыру бойынша шаралар қабылдады

2021 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 95 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) бекітті.

Қаулыда бағалы қағаздар нарығындағы қызметті реттейтін тоғыз нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қамтылған. Агенттік бұл шараларды бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметін жетілдіру және олардың мүмкіндіктерін кеңейту бойынша одан кейінгі қадамдар жасау шеңберіне қабылдады.

Атап айтқанда, Қаулыда мыналар көзделеді:

  • орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде депонент клиентінің атына оның қажетті барлық деректемелері көрсетіле отырып ашылатын «ұстаушының қосалқы шотының» түрін алып тастау;
  • депонент клиенттерінің қаржы құралдарын біріктірілген есепке алуға арналған қосалқы шоттың «омнибус» ұғымын нақтылау («омнибус» шоттарының шетелдік номиналды ұстаушылар үшін ашылатын қосалқы шоттардан аражігін ажырату мақсатында осы қосалқы шотты «номиналды ұстаушының қосалқы шоты» санатынан «депоненттің қосалқы шоты» санатына жатқызу);
  • номиналды ұстаушының орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі мәліметтермен оның клиенттерінің деректемелері туралы деректерді мерзімді салыстырып тексеруді жүргізу бойынша талапты алып тастау;
  • осы қатысушы ұстаушысының қосалқы шотында осы бағалы қағаздарды есепке алу мүмкіндігі мақсатында эмитент шығарған және «авторепо» операциясы шеңберінде өзі сатып алған бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде есепке алу тәртібін өзгерту;
  • «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) аумағында тіркелген және номиналды ұстау қызметтерін ұсынатын ұйымдарға депозитарлық және өзге де қызметтерді көрсету мақсаттары үшін орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шоттар (қосалқы шоттар) ашу мүмкіндігі;
  • кастодиан, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және инвестициялық портфельді басқарушы жүзеге асыратын зейнетақы активтері есебінен бағалы қағаздармен мәмілелерді есепке алу бойынша бірыңғай тәсілді айқындау;
  • номиналды ұстаушылардың клиенттері үшін шетелдік қаржы құралдарына қатысты номиналды ұстау қызметтерін көрсете алатын шетелдік есеп айырысу ұйымдарының тізбесін кеңейту;
  • орталық депозитарийге тіркеу қызметі бөлігінде қашықтан электрондық тәсілмен қызмет көрсету үшін клиенттерді динамикалық немесе биометриялық идентификаттау құралдарын пайдалану мүмкіндігін беру;
  • орталық депозитарийге акционерге – номиналды ұстаушы клиентке тиесілі талап етілмеген ақшаны осы клиенттің номиналды ұстаушысының банк шотына  аудару мүмкіндігін беру;
  • қор биржасының интернет-ресурсына өтімді емес борыштық бағалы қағаздардың құны туралы мәліметтерді орналастыру бойынша талапты алып тастау ;
  • егер бағалы қағаздар шетелдік номиналды ұстаушының номиналы ұстауында немесе АХҚО аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымда болған жағдайда, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін қалыптастыру мерзімін күнтізбелік 28 күннен 15 жұмыс күніне дейін қысқарту;
  • брокердің және (немесе) дилердің, егер осы ақпарат Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде қолжетімді болған жағдайда, қаржы құралдары бойынша нарықтық баға белгілеулерді растайтын құжаттарды сақтау бойынша талапты алып тастау.

Осы шаралар орталық депозитарийдің және номиналдық ұстаушылардың есепке алу жүйесінде жеке шоттар (қосалқы шоттар) жүргізу тәртібін жеңілдетуге, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың олардың жекелеген функцияларын реттеуге байланысты, оның ішінде кастодиандардың зейнетақы активтерін есепке алуы, орталық депозитарийдің клиенттерді идентификаттаудың серпінді немесе биометриялық идентификаттау құралдарын пайдалануы, қор биржасының өтімді емес борыштық бағалы қағаздардың құны туралы мәліметтерді жариялауы бойынша қызметін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды.

 

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

 +7 (727) 237-10-90, email: press@finreg.kz