
2021 жылғы 23 қыркүйекте Бішкек қ. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңесінің 22-отырысы өтті. Бұл кеңес валюта саясаты мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамыту және тереңдету шеңберіндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Отырысқа қатысушылар ағымдағы экономикалық ахуалды және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі ақша-кредит саясатының іске асырылу барысын талқылады. Сондай-ақ, қаржы нарығын реттеу жөніндегі ұлттықтан жоғары орган туралы және стандартталған лицензия туралы келісімдердің жобалары, сондай-ақ интеграциялық өзара іс-қимылдың бірқатар басқа да өзекті мәселелері талқыланды.
Отырысқа Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының орталық (ұлттық) банктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі агенттігінің және Қырғыз Республикасының Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Қаржы нарығын реттеу мен қадағалау мемлекеттік қызметінің басшылары қатысты.