
2021 жылдың 14 қазанында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2020 жылғы қызметі туралы есебінің ашық талқылауы өткізіледі.
Есеп Агенттіктің интернет-ресурсында және «Электронды үкімет» порталында орналастырылған.
Талқылау Cisco Webex платформасында онлайн-форматта өтеді.
Қоғамдық талқылауға қатысу үшін өтінімдерді 13 қазанға дейін (еркін формада электронды мекен-жайды көрсете отырып) arman.assylbekov@finreg.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес есеп талқылауы іске асырылады.