
«Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) қалаларда «Capital Bank Kazakhstan» АҚ тарату комиссиясының төрағасы және мүшелеріне, қызметтеріне кандидаттарды iрiктеу іс-шараларын өткізуде: Алматы және Нұр-Сұлтан.
Кандидаттар жоғары экономикалық немесе заң бiлiмi немесе бухгалтерлік есеп пен аудит саласында жоғары білімі болуы, қаржы ұйымдарын және басқа заңды тұлғаларды тарату тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бiлуі тиiс.
Кандидаттарға қойылатын талаптар және олар ұсынатын құжаттардың тiзбесi Агенттіктің Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 Қаулысымен бекiтiлген Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптарды бекіту туралы.
Банктерді тарату комиссиясының төрағасы және/немесе мүшелерін тағайындау туралы өтiнiші мен қосымша құжаттарын 2021 ж. «26» шілдеге дейін Агенттікке Алматы қаласы, Көктем-3, 21 үй мекен-жайына ұсынуы тиiс.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша 8 (727) 237 11 11 (6604) телефонына хабарласуға болады.».