
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ресей Федерациясының Орталық Банкі (бұдан әрі – Ресей Банкі) жариялаған, қаржы нарығында заңсыз қызмет істеудің анықталған белгілері бар компаниялардың тізімімен танысуға кеңес береді.
Ресей Банкі заңсыз қызмет істеу белгілері бар компаниялардың тізімін мониторингтеу жүйесі мен жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің көмегімен қалыптастырады.
Бұл деректерді Ресей Банкі https://www.cbr.ru/inside/warning-list/ мекенжайы бойынша өзінің интернет-ресурсында «Жосықсыз практикаларға қарсы іс-қимыл» бөлімінде тізім түрінде жариялайды.
Аталған тізімде заңсыз қызмет істеу белгілері бар компаниялардың атауы, заңсыз қызметінің санаты туралы ақпарат және интернет сайттарының мекенжайы бар.