Агенттіктің қаулысын қабылдау туралы

Агенттіктің қаулысын қабылдау туралы

2021 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 51-бабының 6-тармағының талаптарын іске асыру мақсатында әзірленген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 203 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 65 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) бекітті.

Қаулыда құжаттарды сақтау нысандарын нақтылау (қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ кейбір жағдайларда қағаз және оған тең электрондық жеткізгіштерде), БЖЗҚ тәжірибесін ескере отырып, жеке құжаттарды сақтау уақытын өзгерту және зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыны сенімгерлік басқаруға беруге байланысты құжаттар тізбесіне толықтыру және өзге де редакциялық түзетулер көзделеді.